Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 22 декабря, 2023


🎬«Батыр из прошлого» комедиясы. Алтын Орданың Елтебер есімді ержүрек елшісі жұмбақ жағдайда 1311 жылдан 21 ғасырға ауысады. Елтебер өткенге қайта оралуға тырысады. Өйткені оның тарихи миссиясы орындалмаған еді. Алайда ол уақыт өте келе жаңа Қазақстанның заңдары мен өмір салтына үйреніп кетеді. Әйтседе бұл жерде де оны өткен ғасырдан бірге ауысып келген жауы Қаракүйін асыға күтеді. Басты рөлдерде: Олжас Әлжанов, Рамазан Амантай, Еламан Есентаев, Эльмира Қалбай.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=3NiSm9VavSE  

🎬«Аквамен и потерянное царство» фантастикасы. Атлантидада үлкен апатқа әкелуі мүмкін жаңа қауіп төніп тұр. Тіпті Акваменнің өзі бұл тойтарысқа қарыс тұра алмайды. Сол себепті ол патшалықты құтқару үшін күтпеген одақ құруға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Джейсон Момоа, Бен Аффлек, Эмбер Херд, Николь Кидман.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Nmwl9tBrJG8

 

🎬«Феррари» биографиялық драмасы. 1957 жыл. Бұрынғы шабандоз Энцо Феррари ұлынан айырылып, отбасылық өмірі дағдарысқа ұшырайды. Ал әйгілі итальяндық Скудерия компаниясы банкроттықтың алдында тұр. Өмірін түбегейлі өзгерту үшін Энцо Mille Miglia ұйымдастырған үлкен жарысқа қатысуға бел байлайды. Басты рөлдерде: Адам Драйвер, Пенелопа Круз.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-_9mpd2m0DM

🎬» Гномы. Новогодний беспредел» қорқынышты фильмі. Жаңа жыл қарсаңында шампан бөтелкелері мен жарылғыш заттарды атуды ұнатпайтындар кездеседі. Солардың бірі — сарай ергежелейлері. Олар тек бір тостаған сұлы майы мен тыныштықты армандайды. Ал ергежейлілердің тыныштығын бұзып, тамақтандыруды ұмытқан адам сұмдық жағдайға тап болады. Себебі олар бақша құралдарымен қаруланып, қарғыс сөздерімен адамның тағдырын өзгертіп жіберуге қауқарлы. Басты рөлдерде: Мартин Старр, Амрита Ачария. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=8GzgnQBJsl8

🎬«Кентервильское привидение» мультфильмі. Отистің отбасы ағылшындардың ескі үйін сатып алып, сол жерге көшеді. Бірақ үйде 300 жыл бойы Саймон мырзаның елесі өмір сүреді. Ол бұл үйге әбден сіңісіп кеткен. Сондықтан аталмыш үйге келген адамдар мұнда үш күннен артық тұра алмайды. Алайда бұл жолы бәрі басқаша болады. Отистер және олардың қызы Вирджиния Саймонның елесінен қорықпайды. Керісінше оған ежелгі қарғыстан арылуға көмектесуге тырысады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=BBQnt9qDkrQ