Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 29 декабря, 2023


🎬«Дәстүр» қорқынышты фильмі. Нұрсұлтан Көпжасарұлы — отағасы әрі ауылдың беделді азаматы. Ал оның жалғыз ұлы Болат өте ерке болып өседі. Сол себепті баласының басы бірнеше рет үлкен дауға қалып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады. Кештердің бірінде Болат жергілікті мектеп бітіруші қызды зорлайды. Әкесі бұл мәселені тағы да жасырғысы келеді. Бірақ қыздың ата-анасы полицияға арыз жазып үлгереді. Ал бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы — үйлену тойы. Алайда оның арты үлкен қорқынышты жағдайға әкеледі. Басты рөлдерде: Алдабек Шалбаев, Ермек Шынболатов, Нұрай жеткен, Нұржан Бексұлтанова, Алдияр Жапарханов, Әнуар Баймұхаев, Әсет Есжан. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=2WA2wxQY7Cc

🎬«Қазақша бизнес Бразилияда» комедиясы. Үндістан сапарына үш жыл толды. Ален, Мақпал, Еркош және Қажет Жомарттан кетуге бел байлайды.  Ален мен Мақпал IT саласында жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Ал Бақдәулет тау бөктерінен жатақхана ашады. Еркош поп-ММА-ға бет бұрады. Осы кезеңде Жомарт «орта жастағы дағдарысты» бастан кешіреді. Ол ештеңеге қызықпайды. Жұмысы, жетістігі, тіпті хоббиі де оған қуаныш сыйламайды. Ол жақындарынан алыстап, бәрінен үзіліс алғысы келеді. Қазақтар аз қоныстанған елді іздеу барысында оның таңдауы Бразилияға түседі. Ал Бразилияға сапар шеккенде оны сол жердің жергілікті қарақшалары бай қытай деп қателесіп, ұрлап кетеді. Ендеше Жомартты Бразилиядағы жаңа достары құтқара ала ма? Немесе ол туыстарының көмегіне жүгіне ме? Басты рөлдерде: Нұрлан Қоянбаев, Берік Тұрсынбеков, Мақсат Рахмет, Жан Байжанбаев, Гүлназ Жоланова, Дариға Бадықова, Қажет Смағұл.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=yV63aIfA8l0

🎬«Бишарашки 2» комедиясы. Сюжеттің басты кейіпкерлері — Байтемір есімді кәсіпкер және оның отбасы. Бір күні Байтемір үйіне оралғанда сот орындаушыларының үйді мөрлеп жатқанын көреді. Байтемірге алаяқтық жасады деген айып тағылады. Ал сот процесі жүріп жатқанда кәсіпкер отбасылық жатақханада тұруға мәжбүр болады. Осылайша Байтемір мен оның отбасы тағы да қызыққа толы шытырман оқиғаға толы сынақтардан өтеді. Басты рөлдерде: Жан Байжанбаев, Әсел Сағатова, Еркебұлан Тоқтар, Адина Бажан, Жанқош Тұраров.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Xf2kFDRCgvs

🎬 «Крик. Ночь перед Рождеством» қорқынышты фильмі. Мереке қарсаңында Рождество періштесі болып киінген қарақшы жақын досын өлтіріп, Виннидің ағасына шабуыл жасайды. Бірақ батыл қыз жауыздың түбіне жетеді. Ол жергілікті мэр Генри Уотерс болып шықты. Бір жыл өткеннен кейін ешбір адам болған оқиға туралы айтқысы келмейді. Винни досы үшін қайғырып жүргенде жігітінің алдап жүргенін біледі. Бұл оған ауыр соққы болып тиеді. Тіпті өмірден түңіліп кетеді. Кенеттен бойжеткен өзі туылмаған параллель шындыққа тап болады. Мұнда оның сүйікті қаласы ыдырап жатқанын және жергілікті маньяктың 27 адамды өлтіргенін көреді. Басты рөлдерде: Джейн Виддоп, Джоэл Макхейл. Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=pH0nfyvIjLM

🎬«Миграция» мультфильмі. Мультфильм үйректердің отбасылық өміріне негізделген. Олар еш күмәнсіз қауіпсіз әрі жайлы тоғандарынан кетіп, әлемнің барлық кереметін көруді жоспарлайды. Туынды ғажайыпқа, ерекше толқуға, жаңалықтарға және сезімдерге толы. Осы арқылы мультфильм кез келген адамға өмірдің маңызды сәттерін түсінуге көмектеседі. Өмір – бұл соңғы нүкте емес, саяхат.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Lh_iaxgv2W4