Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 05 января, 2024


🎬 » Человек-невидимка. Возвращение легенды» триллері. Лондонда күрделі қылмыстар тізбегі белең алады. Ал қалада бұған өлілер әлемінен оралған көзге көрінбейтін адамның қатысы бар деген қауесет тарайды. Көзге көрінбейтін елес тәнін қалпына келтіріп, бүкіл әлемге билік ету үшін мүмкіндігінше көп жанды алуға тырысады. Басты Рөлдерде: Дэвид Хейман, Мхаири Кэлви. Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=jjDw3ox71u0

🎬»Догмен» боевигі. Кішкентайынан адамдардан көп зәбір көрген Дуглас өмірде иттерге ғана сенуге болады деген қорытындыға келеді. Себебі олар иесіне өте адал әрі кез келген тапсырманы бұлжытпай орындайды. Иттері зергерлік бұйымдарды ұрлайды, қарыздарын жинайды, тіпті құймақ та  пісіреді. Топта әрқайсының өз міндеті бар. Бірақ оларды үлкен іске тап болады. Қалада мексикалық картель өз билігін шектен тыс жүргізеді. Оған полицияның күші жетпегендіктен, терьер мен шпиц иттер жұмысқа кіріседі. Режиссер: Люк Бессон.  Басты рөлдерде: Калеб Ландри Джонс, Джоджо Т. Гиббс. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7X7l0p4uEBk

🎬»Каменщик» боевигі. Көпшілікке “тас қалаушы» лақап атымен танылған Стив Уэйл — ЦРУ-дың бұрынғы ең үздік агенттерінің бірі. Бірақ оның ескі танысы басшылыққа жала жабу мақсатында бірнеше қылмыс жасап, кісі өлімін ұйымдастырады. Осы тұста билік Стивті ойынға қайта қосады. Енді ол өркөкірек әріптесі Кейтпен бірге әлемге үлкен қауіп төндірген жауларын тоқтатуы керек. Басты рөлдерде: Аарон Экхарт, Нина Добрев. Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=T29HUf0bsJ8

🎬»Холоп 2″ комедиясы. Бұрын майор қызметінде болған Гриша «өткенге» сапар шеккеннен кейін кез келген әділетсіздікке бей-жай қарамайтын болды. Сонымен қатар дөрекі әрі тәкаппар Катяның іс-әрекетін де елеусіз қалдыра алмайды. Енді майордың басқа уақытқа асуы мүмкін. Басты рөлдерде: Аглая Тарасова, Милош Бикович.  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=jmq-JT7Az1w

» Астрал. Новые души» қорқынышты фильмі. Орта мектеп оқушысы Ракка өмірден өткендердің жанын көру қабілетіне ие. Жаңа мектепке ауысқан сәтінде, оны жұмбақ қыздың елесі аңди бастайды. Қыз кезінде өзін қорлаған бұзақылардан кек алуға келеді. Ракка оны бірден сезеді. Осылайша елес күн сайын үлкен күшке ие бола бастайды. Ол барлық жанды алып кетуді көздейді. Қауіп бүкіл мектепке төніп тұр. Басты рөлдерде: Эмир Махира, Zee JKT48.

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=SNhqGRfn-tw

🎬»Три богатыря и Пуп Земли» мультфильмі. Франшизаның он екінші бөлімінде Горыныч жыланы күтпеген жерден нағыз динозаврды кездестіреді. Ал Алеша Попович, Князь және Юлий жылқысы жер астына құлап кетеді. Ал оның астында қандай қызық күтіп тұр?

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=J3xIDk0K5BM