Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 02 Ақпан, 2024


🎬«Родной 2» комедиясы. Сапар мен Катя бұл жолы Айдос пен Әлияны Шымкентте болатын мерейтойды бірге өткізуге көндіреді. Туынды сюжеті отбасы, ата-ана және балалар арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Нақтырақ айтсақ, шытырман оқиғаға толы комедияның жалғасы. Басты рөлдерде: Мейіргат Амангелдин, Ақерке Арыс, Еламан Есентаев, Индира Сабирова, Әсел Асқар, Ақболат Өтебай, Данагүл Темірсұлтанова, Дәулет Мұқаев.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=e8FuLzcnyGs

🎬«Сәлем, Еуропа!” комедиясы. Фильм жалғыз немересі үшін Қазақстаннан Еуропаға автостоппен саяхатқа шыққан екі қарт кісінің қызықты оқиғасына негізделеді. Бала әке-шешесіз өскендіктен, бітіру кешінде атасы мен әжесінің бой көрсеткенін қатты армандайды. Алайда дәрігерлер ақсақалға әуе сапарына шығуға қатаң тыйым салады. Бірақ бұл оларға тоқтау бола алмайды. Басты рөлдерде: Еран Құлмұрзин, Бауыржан Қаптағай, Айтұған Темірова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=UZfXaX41xhk

🎬«Аргайл: Супершпион» комедиясы. Тыңшылыққа негізделген романдардың жазушысы Элли Конвей үйінен өте сирек шығады. Алайда бір күні ол кітаптарының сюжеті зұлым астыртын синдикаттың шынайы істеріне ұқсас болып кеткенде, шынайы әлемде тыңшылықпен бетпе-бет келгенін түсінеді. Басты рөлдерде: София Бутелла, Генри Кавилл. 

Жас рейтингі: 16+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=oxAbYjosgPw

 

🎬«Сердце под прицелом» комедиясы. Талантты, бірақ үнемі жолы болмайтын Тимучин есімді актердің екі проблемасы бар. Біріншісі – оның келбеті тым қарапайым болып көрінеді. Ал екіншіден қайратты Туфан агенті бар. Актердің кез келген фильмде басты рөлді сомдауы үшін оның агенті ең экстравагантты шаралар ұйымдастыруға дайын болады. Басты рөлдерде: Эвлия Айкан, Эрсин Коркут.      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=gWOnPiIYeQ8


🎬«Моя прекрасная свадьба» комедиясы. Егер сіз ұмытылмас бір түннен кейін Вегаста шаңырақ көтеруге ұсыныс алсаңыз, не істейтін едіңіз? Әрине, мұндай жағдайда кез келген адам бал айын тамылжыған Мексикада өткізуді жоспарлайды. Алайда олар шын мәнінде үйленуге дайын ба, әлде соңы бақытсыздықпен аяқтала ма? Басты рөлдерде: Дилан Спраус, Вирджиния Гарднер. Жас рейтингі: 16+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=YUz1E7D_Kpc

🎬«Кина и Юк: Пушистые приключения» отбасылық фильмі. Фильмде Солтүстік Кина мен Юк түлкілері туралы оқиғаны тамашалайсыз! Бірақ жаһандық жылыну екі жұпты ажыратады. Юк белгісіз бағытқа бет бұрған мұздықта болады. Ал Кина Юкке іздеу салып,  жаңа аймаққа саяхатқа шығуға бел байлайды. Басты рөлдерде: Вирджини эфирі.      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TzflUw4I7QQ

🎬«Армия мёртвых в Пусане» қорқынышты фильмі. Жұмбақ өлімдер аяқ асты көбейіп кетеді. Бұл өлген мәйіттердің тірілуімен байланысты болып көрінеді. Алайда олар тірілген уақытта біреудің басшылығымен әрекет ететіні белгілі болады. Басты рөлдерде: Ом Джи-вон, Джун Джи-со. 

Жас рейтингі: 16+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-zj8n6b_EBg

🎬» Избави нас. Одержимые» қорқынышты фильмі.  Ежелгі болжам бойынша, кіршіксіз пәк қыз егіздерді дүниеге әкеледі деген ұстаным бар. Олардың бірі мейірімді, ал екіншісі зұлымдыққа бейім болады. Нәрестелер өмірге келгеннен кейін сол мекенді қараңғылық басады. Осылайша Ватикан зұлымдыққа қарсы тұра алатын діни қызметкерді жібереді. 

Басты рөлдерде: ли Рой Кунц, Мария Вера Ратти. 

Жас рейтингі: 18+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=vnPP9AgV4sI

🎬«Как приручить монстров» мультфильмі. Монстервилл – адамдар әлемінде өмір сүруден шаршаған құбыжықтар мекен ететін қала. Бірақ бір күні кішкентай Ханна есімді ару құбыжықтар әлеміне жасырын кіріп, Монстервиллге қауіп төндіреді.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TMsgaXVugQ4