Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 09 Ақпан, 2024


🎬«Қашан үйленесің» комедиясы. Ерлан есімді жігіт “Баян” кітап дүкенінде жұмыс істейтін қызметкерге ғашық болып қалады. Алайда онымен танысудың сәті түспейді. Осылай жүргенде оған әскерден шақырту келеді. Ал оның әскерден бас тартуына ағасының балалары көмектеседі. Ерлан олар үшін “жалған” әке ролін атқарады. Осылайша балаларға алғыс білдіру мақсатында оларды дәмханаға апарады. Сол жерде Баянды кездестіріп, өзін жалғызбасты әкемін деп таныстырады. Өкінішке қарай бұл өтірік Ерланға ғана емес, оның жақындары үшін де үлкен сынақ болады. Басты рөлдерде Арнұр Қабдолдаев, Айдана Сахари, Данияр Бекжанов, Адина Мұқашева.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=BL05E84PkHA

🎬«Бәрі өз қолыңда» комедиясы. Жеке өмірі мен кәсіби мансабында белгілі бір жетістікке жетпеген Әсел ақыры сыныптастарымен кездесуге баруды ұйғарады. Алайда жиында сыныптастарының жетістігі мен оның тарапына айтылған келеке-мазақтан қатты күйзеліске түседі. Өмірге налыған арудың ештеңеге құлшынысы болмайды. Бірақ тағдыр оған екінші рет мүмкіндік беріп, Әсел өткенге оралады. Ол оқиғалардың барысын өзгертуге тырысады. Ол бұрын қорыққан барлық кедергіні, өзіне деген сенімсіздікті жояды. Өйткені ол бақытты өмірді қалайды. Басты рөлдерде Әсел Сағатова, Сырым Қашқабаев, Азиз Бейшеналиев, Санди Сұлтан.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=HRx_HRxZpUU

🎬«Три мушкетёра: Миледи» шытырман оқиғасы. Д’Артаньянның көз алдында сүйіктісі Констансты ұрлап кетеді. Адал достары, Атостың үш корольдік мушкетерлері, Портос және Арамис ұрыс даласында соғысып жатқанда, Д’Артаньян сүйіктісін құтқару үшін жұмбақ Миледимен күш біріктіруге мәжбүр болады. Бірақ өткеннің қорқынышты құпиялары жаңа одақ пен ескі достықты бұзуы мүмкін. Басты рөлдерде: Венсан Кассель, Эва Грин.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=oxAbYjosgPw

🎬«Мармелад» драмасы. Жақында түрмеге түскен Барон қарама-қарсы камерада жатқан сотталушымен достық қарым-қатынас орнатады. Ол түрмеден бірнеше мәрте қашып, тәжірибе жинаған. Енді олар бірге қашудың жоспарын ойластырады. Барон осы сәтте махаббаты Мармеладпен қалай танысқанын есіне түсіреді. Ол түрмеге түспестен бұрын сүйіктісімен банкті тонау арқылы Баронның науқас анасына қалыпты күтім көрсетіп, өздерін толық ақшамен қамтамасыз етуді армандаған болатын. Басты рөлдерде: Джо Кири, Камила Моррон. 

Жас рейтингі: 18+            

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=hCLLTInpDIY

🎬«Элла и чёрный ягуар» шытырман оқиғасы. Бала кезінде Элла Амазонканың таңғажайып жерлерінде өмір сүрді. Онда сүйкімді ягуардың баласымен дос болады. Алайда ол Нью-Йоркке көшіп, жаңа өмір бастауына тура келеді. Бір күні оның туып-өскен ауылына қауіп төнеді. Осылайша батыл қыз өзінің бұрынғы үйін, джунгли тұрғындарын және оның Хоуп есімді жақын досын ягуарды құтқару үшін қайта оралуға бел байлайды. Басты рөлдерде: Эмили Бетт Рикардс, Луми Поллак.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=L1zcHDdH8-A

🎬«Миссия в Москве» боевигі. 1993 жыл. Қытай полицейлері Пекин-Мәскеу бағытында пойыздарды тонаған қылмыскерлер тобын ұстау үшін Мәскеуге аттанады. Басты рөлдерде: Чжан Ханью, Энди Лау.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=jq_4k3HkuHM

🎬» Астрал. Ритуал Малум» қорқынышты фильмі. Полицей жұмбақ діни топтың жолына түседі. Алайда ол сектанттарды тұтқындап, олардың жетекшісін атқаннан кейін өмірінде түсініксіз жағдайлар орын алады. Полицей түсініксіз себептермен бірнеше әріптесін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсайды. Тура бір жылдан кейін сектанттар қанды түнді жасыру үшін қалада тәртіпсіздіктер ұйымдастырады. Басты рөлдерде: Джессика Сула, Монро Клайн. 

Жас рейтингі: 16+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=gZbclstMKuI

🎬«Звериный рейс» мультфильмі. Вини мен Том есімді екі музыкант тышқан көпшілік алдында өнер көрсеткенді ұнатады. Бір күні олар дүниежүзілік топан судың қарсаңында Нояның үйінде болып, кеме туралы біледі.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=_RkRqWFDPpk