Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 16 Ақпан, 2024


🎬»Жездуха» комедиясы. Қанат күні бүгінге дейін енесінің уақытша үйінде тұрады. Бұл оны қатты қынжылтады. Бір күні оған сыныптасы Дарханнан “Еңбек, көші қон” бағдарламасы бойынша солтүстіктегі ауылға көшу туралы ұсыныс түседі. Қанат бұл ұсынысты қуана қабылдап, Айжамал екеуі көшіп кетеді. Олардың соңынан Ером мен Мансар да солтүстікке келеді. Осылайша басты кейіпкерлерді солтүстік халқының қазақ тілін білмеуі және салт-дәстүрден бейхабар болуы қатты таң қалдырады. Қала әкімі Дархан қаладан ауылға тексеріс келе жатқанын хабарлайды. Енді Қанат тексерушілерге нағыз қазақ ауылының қандай екенін көрсетуі қажет. Басты рөлдерде: Қанат Тасхан, Мансар Орынхан, мақсат Бөбей, Ерболат Заркумов, Сафуан Рысбайұлы, Нышанбек Жұбанаев, Ерболат Алкожаев, Салтанат Серкебаева.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=noitqCNDfyc

🎬»Мадам Паутина» фантастикасы. Кассандра Уэбб – Нью-Йорктегі көріпкелдік қабілеті бар фельдшер. Ол үш жас әйелді қорғауға мәжбүр болады. Себебі құпия қарсылас әйелдерді өлтіруді көздейді.  Басты рөлдерде: Дакота Джонсон, Сидни Суини. Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=92a3AvzCB-I

🎬Өмірбаянға негізделген “Одна жизнь» драмасы. Қарапайым әрі көпшілік алдына мүлдем шығып көрмеген Николас Уинтон теледидардан көрсетілетін ток-шоуға шақырту алады. Мұнда ол концлагерьдегі жүздеген баланы өлімнен құтқармақ болған Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғасы туралы барлық шындықты біледі. Бір өмір жүздеген адамның тағдырын өзгерте алады. Өткенін де, қазіргі өмірін де. Басты рөлдерде: Энтони Хопкинс, Хелена Бонхам Картер. Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=RBmcEBleEdc

🎬»Знакомьтесь, пёс» мелодрамасы. Динаға күтпеген жерден сыйлыққа ит келеді. Алайда ол иттерді жек көреді. Динатосы сәтте итті не істейтінін білмей, басы қатады. Ал сыйлықты табыстаған жігіті оның көңілін басқа жаққа аударғысы келген еді. Ол Динаның жақын құрбысымен сөйлесіп жүреді. Бұл жағдай басты кейіпкерге де белгілі болады. Динаның жан-жағы тұманға толы еді. Осылайша ол итпен бірге серуендеп, ойнай бастайды. Тіпті оны тамақтандырып, оған қамқорлық танытады. Нәтижесінде иті оның шынайы досына айналады. Жануардың иесіне берген жылуы мен қуанышы Динаның жүрегіндегі мұзды бірте-бірте ерітеді. Басты рөлдерде: Береника Когутова, Степан Бенони. Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=pH0nfyvIjLM

🎬»Багровый рассвет» қорқынышты фильмі. Сара екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Сонымен қатар ол үлкен шаруа қожалығын басқаруғаитырысады. Алайда оның маңайында пайда үшін қолдарын қанға бояудан қорықпайтын жергілікті бұзақылар бандасы болады. Қуанышқа орай бұл бақытсыз отбасының өз қорғаушысы бар. Ол – Фаллон есімді жұмбақ адам. Алайда Фаллон күн сәулесінен қашады. Сонымен қатар үлкен күшке ие әрі қанға шөлдейді. Кезінде барынан айырылған жұмбақ адам енді бейкүнә отбасын осындай тағдырдан қорғағысы келеді. Бірақ оның қараңғы өткені Сара мен оның балаларына бұдан да көп қасірет әкелуі мүмкін. Басты рөлдерде: Олуэн Фуэр, Гай Пирс. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=3tHtZjV_cgQ

🎬»Джестер» қорқынышты фильмі. Джестер есімді жұмбақ сиқыршы шағын қала тұрғындарын қорқытады. Басты рөлдерде: Майкл Шеффилд, Лелия Симингтон. Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=_YVfCJi46CQ

🎬 » Супер Крылья. Фильм». мультфильмі. Джетт есімді батыл трансформаторлық ұшақтың және оның командасының шытырман оқиғасы. Олардың міндеті – бүкіл әлемдегі адамдарға көмектесу. Жаңа арамза қарсылас жердің астан-кестенін шығарғысы келеді. Осы мақсатта ол озық роботтарын үлкен қалаларға жібере бастайды. Ал оны басты кейіпкерлердің батылдығы мен жылдамдығы, қала берді берік достығы тоқтата алады. 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=3txz0C3IDOM