Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 23 Ақпан, 2024


🎬«Корни» әскери драмасы. Ата-анасынан айырылған Қасым мектеп-интернатына түсіп, нағыз достықтың дәмін татады. Мұнда ол бас мергенге айналады. Сонымен қатар әдемі махаббаттың куәсі болып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен сатқындықты да бастан кешіреді. Ал оған адамдықтың туын биік ұстауға өткені мен отбасымен байланысты құндылықтары көмектеседі. Басты рөлдерде: Данияр Тәженов, Санжар Мәди, Дина Тасболатова, Дулыға Ақмолда.            

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=9iH-Y3y7ZW0

🎬 «Сакура. ИЦ МАЙ ЛАЙФ” қылмыстық драмасы. Сакура – жас та болса қылмыс әлемінде зор ықпалға ие жетекші. Тағдыр оны түрлі жаумен тоғыстырады. Нәтижесінде оның билігіне ғана емес өміріне де қауіп төнеді. Осы жолда қылмыс серкесі шынайы махаббаты Мәдинаны кездестіреді. Ендеше ғашықтар барлық сынақты бірге өткере ала ма, әлде бақытқа деген үміті ащы шындықпен тоқтап қала ма? Басты рөлдерде: Айдар Асқарбек, Шерхан Пирназаров, Диана Тәшімбетова. 

Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=XyRfAXxofwI

🎬«Жаралы сезім 2» драмасы. Фильмде 22 жасқа толған Азамат синтетикалық есірткі сатумен айналысады. Бірде ол полицияға ұсталып, түрмеге түседі. Азаматтың түрмеде отырғандармен қарым-қатынасы ушығып кетеді. Оған камераластары – “сен біздің бауырларымызға, балаларымызға есірткі сатып, өмірлерін қауіпке тігіп жүрген оңбағансың” деп қоқан – лоқы жасап, қысым көрсетеді. Осылайша төбелес кезінде Азаматты өлімше етіп сабайды. Бірақ ол қанша таяқ жесе де еңсесін түсірмейді. Басты рөлдерде: Абай Мәжит, Шахризада Серікова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=gEd71uRXv9A

🎬«Адам и Алма» медодрамасы. Қарызға белшесінен батқан Адам әкесі мұраға қалдырған алма бағын сатуға шешім қабылдайды. Ал жерді сатып алатын ірі құрылыс компаниясы әкесінің 30 жыл бойы өсірген алма ағашын қысқартып, алаңға курорт салуды жоспарлайды. Мұны естіген Адам алманың сирек сортын өсіріп, отбасылық кәсіпті жалғастыруды ұйғарады. Басты рөлдерде: Марат Әбішев, Дина Тасболатова. 

Жас рейтингі: 16+            

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=_USqSmGmoqA

🎬«Девушка Миллера» драмасы. Әдебиет пәні мұғалімі мен студент арасындағы қиындыққа негізделген қарым-қатынас тарихы. Басты рөлдерде: Мартин Фриман, Дженна Ортега. 

Жас рейтингі: 21+            

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=NuVWDxsHbuo

🎬«Территория зла» боевигі. Ұшқышсыз ұшақтың операторы Рипер құрыққа түсіп, қарусыз қалған топқа әуеден қолдау көрсетеді. Енді олардың жалғыз байланыс құралы әрі тірі қалуына мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшақ аппараты болады. Басты рөлдерде: Лиам Хемсворт, Рассел Кроу. 

Жас рейтингі: 18+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=bkvdHdVGNL0

🎬» Судная ночь. Джекпот» триллері. Бірнеше адам 156 миллион долларлық джекпоттың куәгері болады. Кездейсоқ келушілер, полиция, қылмыскерлер үлкен ұтысқа негізделген лотерея билетін алғысы келеді. Осылайша бұл қиямет түні адам бойындағы барлық жаман қасиеттері ашылады. Басты рөлдерде: Ангус бұлт, Эллиот Найт. 

Жас рейтингі: 18+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=igyhst0iY5M

🎬«Нечисть» қорқынышты фильмі. Айрис есімді жас қыз әкесінен сиқыры бар үйді мұраға алған уақытта зұлым рухтармен байланысқа түседі. Енді ол  зұлымдықты басқарып, құрбаны болмай тұрып, оларды жоюдың амалын табуы керек. Басты рөлдерде: Фрея Аллан, Джереми Ирвин. Жас рейтингі: 18+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=zepSa_PDiro

🎬«Сезон охоты: Суперкоманда» мультфильмі. Аңшылар аюдың сүйікті баласын ұрлап әкеткенде, ол бірден құтқарушылар тобын жинауға кіріседі. Осылайша үлкен күшке ие итпен бірге қалаға беттеп, қамауда отырған жабайы жануарларды босатып, қашуға бел байлайды.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=SGbt145s4CM