Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 01 Наурыз, 2024


🎬«Студент көке» комедиясы. Фильм қызын бала кезінде тастап кеткен әке туралы. Ол екеуінің қарым-қатынасын жақсартуға шешім қабылдайды. Алайда қыз оны қабылдағысы келмейді. Қайғыға батқан әке қарым-қатынасын қалпына келтіремін деген үмітпен қызы оқитын университетке оқуға түседі. Басты рөлдерде: Қуандық Шәкіржанов, Әмина Есімжан, Жақсылық Тұрлығазы, Диана Бурабаева, Айшолпан Байтүгел.  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TBXPXOpUsZk

🎬«Дюна: Часть вторая» фантастикасы. Пол Атрейдес пен Чани фримандармен бірігіп, оның отбасын құртқан жаулардан кек алуды көздейді. Басты рөлдерде: Тимоти Шаламет, Зендея.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-HiR-2n9D60

🎬«Кот и пес» комедиясы. Өздеріңіз білетіндей, мысықтар мен иттер сирек тіл табысады. Бірақ бұл жұп жайлы өміріне және сүйікті иелеріне қайта оралу үшін бірге жұмыс істеуіне тура келеді. Келеңсіз жайттан туындаған апат салдарынан олар әуежайда адасып қалады. Енді қас-жауларға қауіпті әрі қызықты сапарға бірге аттануға тура келеді. Ал осы уақытта олардың иелері — әлеуметтік медиа жұлдызы және кәсіби ұры, үй жануарларын табу үшін бірігеді. Басты рөлдерде: Филипп Лашо, Франк Дюбоск.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=54-TaXA_WFQ

🎬«Долгожданный рассвет» драмасы. Рим, 1950 жыл. Жас қызға өзі сүймейтін әрі жүрегі қаламайтын жігіт құда түспек болады. Осы сәтте ару әйгілі Cinecitta киностудиясының кастингіне барып, бағын сынауға шешім қабылдайды. Осылайша жоспарсыз сапары шексіз түнге жалғасып, ол түбегейлі кино әлеміне бет бұрады. Басты рөлдерде: Лили Джеймс, Виллем Дафо. 

Жас рейтингі: 18+            

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=5jaXnwC62ZU

🎬 » Пила. Джокер» триллері. Тұтқындардың өмірі үшін күресуге бел байлаған детектив қараңғы желідегі бұрмаланған ойынды тоқтату үшін уақытпен жарысады. Басты рөлдерде: Эд Вествик, Эндрю П. Стивен. 

Жас рейтингі: 18+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=kUd07jWeV2g

🎬«Первая ведьма: Реинкарнация» қорқынышты фильмі. 1972 жыл. Шалғай ауылда бір қыз кенеттен әрі еш себепсіз қайтыс болады. Көп ұзамай мектептен қайтып келе жатқан фермердің үш қызы елес сияқты қара киімді әйелді кездестіреді. Ал осы оқиғадан кейін қыздардың бірі қорқынышты әрі оғаш мінез көрсете бастайды. Басты рөлдерде: Надеч Кугимия, Елилча Капаун. 

Жас рейтингі: 18+      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=BTPtceYYTSE

🎬«Лонки – великий обманщик» мультфильмі. Ойыншылар супер белбеуді алу үшін жарысқа түседі. Оған кім ие болса, сол дүниенің билеушісі болады. Лонки, Лю және Попо тапсырманы орындау үшін бір команда болуға шешім қабылдайды. Бірақ Лонки керемет алдамшы және оның өзінің зұлым жоспарлары бар. Бірақ Лонки – өте алдамшы әрі айлакер болып шығады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=heR6HQmcM-A