Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 22 Наурыз, 2024


🎬»Балашка» комедиясы. Аслан жазғы демалыста еркінен тыс атасының қасына барады. Алайда ол көп ұзамай бұл сапар оның өміріндегі ең сәтті әрі қызықты шытырман оқиғаның бірі болады. Басты рөлдерде: Жантөре Мыңжасар, Досжан Жанботаев, Еран Примбетов, Асхат Үрпеков, Ренат Басит, Сая Оразғалиева, Қаракөз Тілеубекова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ak6n3VE7xck

🎬»Жизнь после» драмасы. Оқиға – қиындыққа ұшырап, өмір бойы мүгедектер арбасына таңылған көңілді, мақсатына берік әрі сәл бұзақылығы бар жоғары курс студенті Арнұр туралы. Жаңа өміріне бейімделе алмаған ол бәріне қолын бір сілтейді. Тек оның досы мен шынайы махаббаты оған оқиғадан кейін өмірдің дәмін қайта табуға көмектеседі… Басты рөлдерде: Жанель Мақажан, Рүстем Жаңааманов, Жандос Айбасов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=RW9Xr2iJbNM

🎬 «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында” драмасы. Мұнда ананың ұлына деген сүйіспеншілігі әлемдегі түрлі ұлт өкілдерінің мейірімі мен ашық көңілдері адамзаттың барлық қиындығын жеңуге көмектесетіні туралы баяндалады. Психикалық дамуы 8 жастағы баланың деңгейінде қалған 35 жастағы Әділ ауылда 75 жастағы анасымен бірге тұрады. Ал анасы Әділге әрқашан Алла Тағаланың оны ерекше жақсы көретінін, сондықтан оның тікелей жұмаққа баратынын айтып отырады. Бірақ Әділ анасынсыз жұмаққа барғысы келмейді. Бір күні ол 8 жасар баладан кімде-кім анасын киелі Меккеге жаяу апарса,
жұмаққа кіре алатынын біледі. Басты рөлдерде: Эмиль Есеналиев, Анарқұл Назарқұлова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=QBatOycefxE

🎬»Приговор» драмасы. Фильм нақты оқиғаға негізделген. 2009 жыл. Бұл – Ыстықкөл жағасындағы шағын қалашық. Басты кейіпкер – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатарына қосылуды армандаған мектеп оқушысы, алайд сот жүйесінің әділетсіздігіне тап болған Ақтан. Жергілікті депутат ұлы Аланды қорғау үшін бәріне дайын. Заң алдында әділдікке жете алмаған Ақтан мен оның бала күнгі досы Құба қолдарына қару алып сот ғимаратын басып алады. Ауладағы жігіттер жергілікті билік жүйесіне қарсы тұра ала ма? Басты рөлдерде: Рауан Ахмедов, Дамир Амангелдин. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TR3KXcgADow

🎬”Охотники за привидениями: Леденящий ужас” фантастикасы. Шпенглер отбасы Нью-Йорктегі аты аңызға айналған өрт сөндіру үйіне оралады. Басты рөлдерде: Маккенна Грейс, Кэрри Кун.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=07-XO0G5IkM

🎬»«Пес Лампо. Невероятное путешествие» отбасылық комедиясы . Иттер саяхаттамайды деп кім айтты? Лампо – ерекше ит. Себебі ол Еуропадағы ең танымал саяхатшылардың бірі. Күшік кезінде ол вокзалда қоныс теуіп, елдің түкпір-түкпірінде жүреді. Бір күні станса бастығы оны үйіне алып барады. Осылайша ит ақыры отбасын табады. Бұл ерекше достық тарихы кез келген адамның жүрегін елітеді. Басты рөлдерде: Матеуш Даменцки, Лилиана Зайберт.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=HmflXP7_Uw8

🎬»Стражи Вселенной: Как приручить динозавров» мультфильмі. Көк жолбарыс жоғалған әкесі сияқты Ғалам сақшыларының капитаны болғысы келеді. Өйткені олардың міндеті – әлемді қорғау. Бірақ доктор Зұлымның өз жоспарлары бар. Ол Жерді басып алып, ондағы динозаврлар дәуірін қалпына келтіруге шешім қабылдайды. Жолбарыс пен оның командасы Доктор Зұлымдықтың көзін жойып, динозаврлардың шабуылына төтеп беріп, өзінің әкесін табуы қажет .
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ff-ogPNzBoc