Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 17 мая, 2024


🎬»Тастаймын-ау сені» комедиясы. Жарас пен Алмагүлдің шаңырақ көтергендеріне 10 жылдан асты. Жарас үлкен компанияда белді қызмет атқарады. Ал Алмагүл жұмыс істемейді, бірақ тұлға ретінде дамығысы келеді. Жарас Алмагүлдің пікірін сұрамай, оның қажеттіліктерін ақшамен ғана жауып отырады. Күйеуінің немқұрайлығынан баз кешкен Алмагүл ішімдікке салына бастайды. Бір күні ол мас күйінде Жарасты  бастығының көзінше масқарасын шығарады. Мұндай жағдайға төтеп бере алмаған Жарас әйелін мықты дәрігерге қаратуға шешім қабылдайды. Ал дәрігердің бақылауында Алмагүлден бөлек отбасымен тіл табыса алмаған Коля, әскери қызметте мансап құра алмаған Сабырхан және ешкіммен шаруасы жоқ Қанат та болады. Бастапқыда олар бір-бірін ұнатпағанымен, уақыт өте келе әңгімелері жараса бастайды. Тіпті бірге ішуге тырысады. Бұл жағдайдан соң оларды қорқынышты көріністер мазалай бастайды: дүрбелеңнің ортасында дәрігер Қанатты өлтіріп жатады. Осы оқиғадан кейін емделіп жатқан үшеуі қашуға бел байлайды. Басты рөлдерде: Дариға Бадықова, Олжас Абай, Әлихан Ыдышева, Қуандық Шәкіржанов. Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=nwVUby-S92A

🎬»Adam bol» комедиясы. Бай олигархтың ұлы Арсен көзін ашқаннан бастап балқып-шалқып өмір сүреді. Шамадан тыс еркелік оны ессіз тәкаппарлыққа итермелейді. Баласының өмірге деген немқұрайлылығын байқаған Болат Арсенге ультиматум қояды. Ол АҚШ-қа барып, серіктестерімен келісім-шартты жаңартуы керек. Егер келісім сәтсіз өтсе, Арсен асып-тасыған өмірінен айырылады. Бастапқыда қиындығы жоқ секілді көрінеді. Ішіп-жеу мен қыдыруды ғана білетін Арсен өзінің күшіне күмән келтіріп, келіссөздің сәтті өтетініне сенімсіз болады. Сөйтіп ол кәсіпте тәжірибесі бар Мәди есімді досының көмегіне жүгінеді. Бұған қоса, Мәдидің ағылшыншасы да жақсы болады. Кездесу барысында Мәдиге ескі досы Тоқтар келіп, қарызға ақша сұрайды. Ал Арсен оған жақсы ақшалай сыйақыға ие болуы үшін олармен бірге шетелге қызметші есебінде баруды ұсынады. Осылайша Арсен, Мәди және Тоқтар АҚШ-қа бірге ұшады. Кенет түсініксіз себептермен Нью-Йоркке бет алған ұшақ Лагосқа қонады. Нағыз сұмдық осы жерден басталады. Ал екінші ұшаққа отыру уақыты 15 сағатты құрайды. Сөйтіп үшеуі қалаға баруға бел байлайды. Бірақ бұл үлкен қателік болып шығады. Басты рөлдерде: Қуаныш Құдайберген, Рысқұл Қонақбаев, Рауан Романи, Chimezie Imo.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=44lWCjnK4-U

🎬»Шпион на всю голову» экшн-фильмі. Арнайы агент Пит зейнетке шығуға дайындалады. Алайда ол соңғы жұмысын аяқтап, бір істі межесіне жеткізуі керек болады. Оның міндеті — провинциялық қаланың төмен жағын мекен еткен қауіпті қылмыскерлерді анықтап, оларды жою. Өкінішке қарай мұндай кәсіпқойға оңай көрінетін тапсырма орындалмайтын миссияға айналады. Басты рөлдерде: Джет Жандро, Кевин Спейси. Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=CBZ8OXnjddg

 

🎬»7 дней, 7 ночей» комедиясы. Бір кездері тату әрі сүйіспеншілікте өмір сүрген Гуреевтер отбасы бүгінде ажырасу алдында тұр. Себебі ерлі-зайыпты Ольга мен Сергейдің бір-біріне деген сезімі суып кеткен еді. Ал балалары Антон мен Настя ата-анасы үшін қатты алаңдайды. Осылайша сән фотографы Сергей көрмеге ұшуға тапсырма алады. Алайда ол қызы Настяның туған күніне байланысты іссапардан бас тартпақ. Күйеуінің әрекетінен көңілі қалған Ольга бұл жолы ажырасу үшін арыз беруге дайын болады… Бірақ олардың сегіз жастағы қыздары Настя берілген ақшаға бүкіл отбасына Арменияға жолдама сатып алады. Енді Гуреевтер отбасын алда 7 күн және 7 түнге жоспарланған жергілікті орынның ойын-сауық алаңы мен шытырман оқиға күтіп тұр! Олар мұнда өмірде ең құнды әрі маңызды нәрсені түсінуге көмектесетін өз сынақтарынан өтеді. Басты рөлдерде: Зоя Бербер, Сергей Марин.                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=snhO_U7y5xY


🎬»Воображаемые друзья» отбасылық фильмі. Беа қожайындары тастап кеткен қиялдағы достарымен танысады. Басты рөлдерде: Райан Рейнольдс, Джон Красинский.                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=B1lefoWiqr4