Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 01 сентября, 2023


🎬«Пацаны» қылмыстық драмасы. Жергілікті жігіттер бандасының жетекшісі Муха өз аймағында беделі мықты азамат болады. Ол өзінің тәртібімен өмір сүрмейтіндерді аяусыз жазаға тартады. Муханың тәуелсіздігі мен батылдығына інісі Әділ де тәнті болады. Осылайша, ол да өз таңдауын жасап, бұзақылар тобына қосылады. Бірақ Муха мен оның достары бірігіп жасаған кезекті тонауы ағайындылардың жолын ажыратады. Нәтижесінде, Муха түрмеге түспеу үшін әскерге кетеді. Мұнда ол қайта күш сынасып, өзінің әлемін қайта бағалаудан өткізеді. Ал Әділ аудандағы ағасының жұмысын сәтті жалғастырады. Басты рөлдерде: Еран Құлмұрзин, Дидар Төлеген, Дінмұхамед Ахмет, Темірлан Қадыр, Дина Тасболатова, Дамели Тастан, Болат Қалымбетов, Гүлнар Дусматова. 

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=OwExDyeNbcg

🎬«Великий уравнитель 3» экшн-фильмі. Роберт Макколл үкіметтік жалдамалы адам өлтіруші қызметінен бас тартқаннан бері жәбірленгендердің атынан әділдікті қамтамасыз ету үшін жұбаныш іздейді. Италияның оңтүстігінде жаңа үй тапқан Макколл оның жаңа достарының жергілікті қылмыс бастықтарының бақылауында екенін біледі. Жағдай өлімге ұласады. Бірақ Макколл мафияны жеңіп, достарының қорғаушысы болудың жолын табады. Басты рөлдерде: Дензел Вашингтон, Дакота Фаннинг. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=rAhTDoK4avY

🎬«Гонщики на драйве» комедиясы. Бұрынғы мықты көлік жарысушы Бертидің қазіргі таңда көлік жөндеу шеберханасында айтарлықтай беделі жоқ. Оның бизнесі банкротқа ұшыраған сәтте, Берти жағдайын жақсарту үшін “Ізбасарлар жарысына” қатысып, джекпот ұтып алуды көздейді. Ал осы тұста оған арбасының болмауы әрі жастардың алдын орауы оған еш кедергі емес. Себебі тоқсаныншы жылдары көлік жүргізгендер кез келген мәселені шешуді біледі. Басты рөлдерде: Тиль Швайгер, Тина Руланд.  

Жас рейтингі: 16+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=UOltYWTbG1g

🎬»Отвязные дворняги» комедиясы. Рэджи есімді ит маскүнем иесі одан қанша құтылуға тырысса да жақсы көрді. Нәтижесінде иесінің тағы бір әрекеті сәтті болады. Ит жоғалып, ол қаңғыбас иттердің тобымен танысады. Олар аңғал оптимистке иесінің оған қаншалықты қатыгездік жасағанын түсіндіреді. Енді Рэджидің жаңа мақсаты бар. Ол үйіне оралып, иесінен кек алуды көздейді. Басты рөлдерде: София Вергара, Джош Гад. 

Жас рейтингі: 21+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=kQ5Cyb0Uvps

🎬«Охота на короля» экшн-фильмі. Әрбір киллердің өз өмірінен гөрі беделі маңызды. Жалдамалы адам өлтірушілер әлемінде көтерілу үшін, ең қатыгез топ бірлестігі «Патша» лақап атымен танымал Дракосқа  шабуыл жасауға шешім қабылдайды. Оның басынан олжа көруді ойлаған Роберт және оның тобы жақын арада өздері Дракостың құрбанына айналатынынан бейхабар еді. Басты рөлдерде: Фрэнк Грилло, Стивен Дорф. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=g90MRKncK6Y

🎬»Панда из космоса» комедиясы. Бір-бірін мүлдем көргісі келмейтін әке мен бала өмірінде Моцарт есімді сүйкімді жат планеталық пайда болады. Панда бейнесіндегі жаңа досының арқасында бала өз мүддесін қорғап, әкесімен ортақ тіл таба алады. Алайда зұлым адамдар аң аулауа шешім қабылдаса, не істемек керек? Басты рөлдерде: Хуан Бо, Ронг Цзышань.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=aZ_8sr6WJHs

🎬«Мой Хатико» драмасы. 2000 жылдың басы. Университеттің қарт оқытушысы Чен әріптестерімен қала сыртындағы сапарында жолдан лас әрі бойын қорқыныш билеген күшікті өзімен бірге алып кетеді. Ешкім итті өзіне алуға келіспейді. Осылайша әйелі иттерді жек көрсе де, ер адам оны үнсіз үйіне әкелуге мәжбүр болады. Күшікке жаңа үй табамын деп уәде берген Чен барлық өтініш берушілерден бас тартады. Нәтижесінде, ит Хатико деген лақап атқа ие болып, отбасының жаңа мүшесі атанады. Басты рөлдерде: Фэн Сяоган, Хуан Сионг.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=bU7UdZ3oBNY