Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 20 сентября, 2024


🎬«Моя половина» романтикалық комедиясы. Фильм екі ғашықтың оқиғасына негізделген. Олар бір шаңырақ астында өмір сүріп, ажырасуға оқталмақ болады. Алайда екеуі барлық реніш пен жанжалды ұмытып, қиындықтарды жеңе ала ма? Басты рөлдерде: Дастан

 Шәкіров, Альмира Тұрсын, Гайдар Гильманов, Динара Юнусова.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TV-9oGHEbW0

🎬«Хеллбой: Проклятие Горбуна» фантастикасы. Хеллбой мен оның серіктесі кезекті тапсырманы жүзеге асырып, қайтып келе жатқан жолда, ұшақтары апатқа ұшырайды. Бірақ Хеллбой жындармен келіссөз жүргізуге машықтанбаған еді. Енді бұл жолы жеңіске жетуі үшін ол тозақтың дәл жүрегіне – өз жан дүниесіне үңілуіне тура келеді. Басты рөлдерде: Джек Кеси, Джозеф Марселл. Жас рейтингі: 18 + трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=jRJYe1yGtCo

🎬«Легенда» фантастикасы. Профессор Чан мұздық экспедициясы кезінде студенттері тапқан артефактілердің құрылымы түсінде көрген нефрит алқасына өте ұқсас екенін байқайды. Сөйтіп археолог ерекше қызығушылықпен зерттеу тобын басқарып,  армандарының астарындағы шындыққа қол жеткізу үшін Мұздық храмына терең саяхат жасайды. Басты рөлдерде: Джеки Чан. Жас рейтингі: 16 + трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=82lAlbP_Mbw

🎬«Субстанция» қорқынышты фильмі. Белгілі Голливуд жұлдызы Элизабет Спаркс теледидардан танымал фитнес-шоуды жүргізсе де, оның даңқы өткеннің еншісінде қалған еді. Осылайша шоу жаңа жұлдызбен қайта жалғасын таппақ болады. Басты рөлдерде: Деми Мур, Маргарет Куолли. Жас рейтингі: 18+                                                                                    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=kPFFHB3pjhc

 

🎬«Счастливые дни» драмасы. Маргарита бір кездері сүйіктісімен арадағы қарым-қатынасын актерлік мансабы мен халықаралық атағы үшін құрбан етті. Барлығына қол жеткізген өнер иесі көп ұзамай өзінің науқас екенін біледі және осы мезетте оның өмірінде қайтадан сүйіктісі пайда болады. Антонио оны енді ешқашан тастамаймын деген оймен оралады. Олар бірге өткен күндерін еске алып, құрдымға кеткен қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысады. Басты рөлдерде: Анна Галиен, Франко Нерон. Жас рейтингі: 16+                                                                                      

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=t92OaA_Vv8M

 

🎬«Ускорение» Триллері. Бір топ ғарышкер өлім мен өмір арасындағы күрделі миссияға кіріседі. Олар Сатурнның серігі Титанға аттанып, шындықты бақылауда ұстауға тырысады. Басты рөлдерде: Кейси Аффлек, Лоренс Фишберн.  Жас рейтингі: 18+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ml7CdJBn8lI

                                                                                

🎬«Астрал. Шёпот мёртвых 2» қорқынышты фильмі. Ын Хидің мектеп жылдарындағы естеліктері жоқ. Бірақ бір күні өзі оқыған мектепке жұмысқа орналасады. Мұнда оғаш оқиғалар орын ала басталғанда, оның ойына өткен өміріндегі жайттар қайта оралады.

Жас рейтингі: 18+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6mhjg8I6X_k

«Приют. Шепот призраков» қорқынышты фильмі. Жаңа тәрбиеші сіңлісін ертіп, балалар үйіне келеді. Онда екеуін 10 жыл бұрын қайтыс болған балалардың елестері мен олардың өлімі үшін айыпталған басшылықтың кекшіл рухы қуа бастайды. Елестерді тыныштандыру үшін қыздар өткен оқиғаларды қайта құруға және осы қараңғы жердің қорқынышты құпиясын ашуға мәжбүр болады. Жас рейтингі: 18+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=XM-Sh_M2JSc

🎬«Тайна планеты роботов» мультфильмі.Зефирка көп нәрсеге қабілетті, бірақ достары мүлдем жоқ. Уайымға салынған ару күні-түні әрдайым көмекке ұмтылатын шынайы әрі адал досының болуын армандайды. 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Drjy9dihxcI

🎬«Трансформеры: Начало» мультфильмі. Бұл Жас Оптимус Прайм мен Мегатронның  қарулас ағайыннан жауға қалай айналғаны туралы оқиғаға негізделген. 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=iqgyl6dTfW0