Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 27 сентября, 2024


«Менің папам тигр» комедиясы. Туындыда өз-өзіне сенімсіз 35 жастағы Амантайдың оқиғасы баяндалады. Басты кейіпкер сирек кездесетін Урбаха-Вите ауруына шалдығып, нәтижесінде қорқыныш сезімін толықтай жоғалтады. Бұрынғы ұялшақ және сенімсіз адам кенеттен батыл әрі тәуекелшіл тұлғаға айналады. Ол жаңа қасиетін пайдаланып, кезінде жіберіп алған мүмкіндіктерін қалпына келтіргісі келеді. Сондай-ақ отбасында жоғалған беделін қайтарып, өз қадірін арттыруға тырысады. Фильмде Амантайдың осы өзгерістер арқылы өмірі қай жаққа бет бұратыны әрі отбасында қандай күрделі жағдайларға тап болатыны суреттеледі. Басты рөлдерде: Жанболат Найзабеков, Сезім Жанболатқызы, Зарина Кармен, Әлихан Ыдырышева.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=9Q-1Uzih0hk

«Ифрит» қорқынышты фильмі. Бір күні Замирдің отбасы қайғылы жағдайға тап болады. Үлкен қызы Айдай бұл оқиғаға өзін кінәлі санап, ауыр күйзелісті бастан өткереді. Күн сайын ол қорқынышты түстер көріп, галлюцинациялардан зардап шегеді. Медициналық көмек ала алмаған соң, Замир жын шығарушы – Сейітке жүгінеді. Алайда Сейіттің шынайы үрейі барлық құпияны білген уақытта басталады. Басты рөлдерде: Эльдияр Жарашев, Бегайым Асанакунова, Жылдызбек Қасеинов. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=B3c2ZFiiZUI

«Граф Монте-Кристо» драмасы. Жасырын қастандықтың құрбаны болған жас Эдмон Дантес үйлену күні қылмыс жасады деген айыппен түрмеге түседі. 14 жыл бойы Иф қамалында жатқаннан кейін ол қашып шығуға бел байлайды. Осылайша Эдмон тұтқындағы досы аббат Фариа айтқан құпия аралға жол тартып, аты аңызға айналған қазынаны тауып, граф Монте-Кристо атанады. Енді оның жалғыз мақсаты — кек алу. Басты рөлдерде: Пьер Нин, Пьерфранческо Фавино.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=JHmFykml2EI

«Последний день Земли» апат фильмі. Қарапайым отбасы желкенмен серуендеп жүрген уақытта мұхит тартылып, бірнеше мың шақырымға созылған жер құрғап кетеді. Тірі қалғандар теңіз түбінде өмір сүретін құбыжықтармен және бір-бірімен күресуге мәжбүр болады. Бірақ көп ұзамай теңіз қалпына келіп, адамзат тарихындағы соңғы толқын орын алады. Басты рөлдерде: Эмили Декенн, Андреас Пичман. Жас рейтингі: 18 + трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=yXabWluLjn0

«Мужское слово» триллері. Жазатайым оқиға салдарынан 10 жасар Илья комаға түседі. Әкесі Андрей ұлының жанында ауруханада кезекшілік етеді. Бірақ емдеуші дәрігер баласының өмірін уақытша сақтап тұрған аппараттан ажырату керек екенін жеткізеді. Себебі — бұл заң. Андрей дәрігерге ақша ұсынып, күте тұруын сұрайды. Алайда ол келіспейді. Нәтижесінде Андрей ұлын аппаратымен бірге каталкаға салып, жақын жердегі палатаның есігін жауып, дәрігер мен медбикеге мылтық кезеп, кепілге алады. Өйткені Андрей ұлын аман алып қалу үшін оған еркекше сөзін берген еді. Енді ол уәдесінде тұруы керек. Басты рөлдерде: Павел Прилучный, Марк Андреасян.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=1jSO7tC50ZI

«Зачетная принцесса» шытырман оқиғалары. Қызыл шашты Шанталь блогер болуды армандайды. Бірақ оның барлық идеясы сәтсіздікке ұшырай береді. Бір күні ол ғажайып оқиғаға тап болып, күтпеген жерден ертегі әлеміне түседі. Сол жерде ол ханшайымға айналып, лүпіл мен вирустық контент үшін шынайы хаос ұйымдастырады. Басты рөлдерде: Йелла Хаазе, Гизем Эмре. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Yi8LM7J4NoQ

«Подземная бездна» қорқынышты фильмі. Лаура метродағы апатқа куә болады. Осыдан кейін ол қорқынышты көріністерді көре бастайды. Әріптестері бұл станцияның қараңғы тарихы бар екенін, онда көптеген адам қаза тапқанын айтады. Лаура елестер мен аңыздарға сенбегендіктен, таныс детективтің көмегімен не болып жатқанын анықтауға тырысады. Басты рөлдерде: Хавьер Гутиеррес, Наталья Асахара. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=9hipyFSToG8

«Команда монстров» мультфильмі. Элли атты мейірімді елес тролльдер, мумиялар, қасқырлар мен вампирлер мекендейтін құбыжықтар әлемінде өмір сүреді. Күн сайын ол адамдарды қалай қорқыту туралы “елестану” ғылымын зерттейді. Бірақ бұл оған мүлдем ұнамайды. Бір күні Элли мен оның құбыжықтар тобы адамдар әлеміне саяхатқа аттанып, көптеген шытырман оқиғаға тап болады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=BNPV-GInVf4