🎬«Арамызда Стамбұл» комедиясы. Бұл – Қазақстан мен Түркияда өрбіген романтикалық оқиға. Басты кейіпкер – қарапайым қыз, ол бай-бағландардың балаларын ұната қоймайды. Ал оның сүйген жігіті – ірі кәсіпкердің ұлы, бірақ ол бұл шындықты сүйіктісінен жасыруға мәжбүр. Алайда шындықтың беті ашылғанда, олардың қарым-қатынасы қандай сынаққа тап болады? Басты рөлдерде: Рауан Ахмедов, Аружан Тимурқызы, Айбек Жағыпар, Дамели Бектұрсынова.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=wfa-Av_hzSI
🎬«Сент-Экзюпери» өмірбаяндық драмасы. 1930 жыл. Француз пошта авиациясының ұшқышы Антуан де Сент-Экзюпери мен оның досы әрі әріптесі Анри Гийоме таулар арқылы қысқа әуе бағытын ашпақ болады. Бірақ Анри Анд тауларында жоғалып кеткенде, Сент-Экзюпери оны іздеуге аттанады. Бұл сапар оның өмірін түбегейлі өзгертеді әрі болашақта аты аңызға айналған «Кішкентай ханзада» кітабының жарыққа шығуына шабыт береді. Басты рөлдерде: Луи Гаррель, Винсент Кассель, Дайан Крюгер. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=l9e7zLG_Zr0
🎬 «Парни с тату. Прямо в сердце» мелодрамасы. Жақсы қыздардың жаман жігіттерді ұнататыны жасырын емес. Студент қыз Шоу Лэндон да алғашқы кездесуден-ақ бүлікшіл әрі денесі татуировкамен көмкерілген Руэл Арчерге ғашық болады. Алайда олардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Олардың әрқайсысы бір-бірінен және айналасындағы адамдардан өз құпиясын жасырып жүр. Басты рөлдерде: Сидни Тейлор, Чейз Стокс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=NdepI6vMkgI
🎬«Любовь-боль» комедиясы. Марвин Гейбл – Милуокидегі беделді риэлтор. Бір күні ол Роуз есімді әйелден жұмбақ хат алады. Бұрынғы сүйіктісі оны бір кездері тастап кеткен еді, ал енді ол Марвинді оның қылмыс әлеміндегі ағасы іздеп жүргенін хабарлайды. Арада ұзақ уақыт өтпей, айналасындағылар оның өміріндегі қараңғы құпияларды аша бастайды… Басты рөлдерде: Ке Хуи Куан, Ариана Дебус. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LZbALI0CV90
🎬 «Школа магических зверей. Загадка волшебного леса» шытырман оқиғалары. Сиқырлы мектептің оқушылары Орман күніне орай ерекше қойылым дайындайды. Бірі танымал блогер болуды армандаса, екіншісі алғашқы махаббатының назарын аударуға тырысады, ал басты кейіпкер Ида орманды кесуден сақтап қалғысы келеді. Басты рөлдерде: Эмилия Майер, Лорис Сихровский.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=wqJ3zL1gdfQ
🎬«Роковая экспедиция» триллері. Ғалымдар халықаралық мұра ұйымының сұранысы бойынша Борнео аралына аттанады. Олар XIII ғасырда қолданылған жұмбақ Джерунай тотемін зерттемек. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=GTak7pjl76E
🎬«Не один и не два» триллері. Өзін өлі секілді сезінген басты кейіпкер өміріндегі барлық адаммен байланысын үзеді. Ол медитацияға беріліп, өмірдің мәнін іздейді. Бірақ кенеттен түсініксіз елестер пайда бола бастайды. Дәл сол сәтте өнер туындысына шабыт іздеген бір қыз оның өміріне енеді… Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=nF8fBudrFSk
🎬«Каяра.Путь судьбы» мультфильмі. Каяра – Инктер империясындағы батыл қыз. Оның арманы – елші лигасына мүше болу. Бірақ дәстүрлер мен қалыптасқан көзқарастар оған жол бермейді. Арманына жету үшін Каяра Мачу-Пикчу маңындағы қауіпті де қызықты сапарға аттанады.Бірақ ол өз тағдырымен бірге бүкіл халқының болашағы оның қолында екенін білмейтін еді…
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=2NapKXqEbFA
#жаңафильмдер #аптапремьералары #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #АрамыздаСтамбұл