🎬«Рэкетир 3″ қылмыстық драмасы. Ірі бизнес, рейдерлік, сатқын шенеуніктер мен күштік құрылымдар… Заман өзгерсе де, адамдар сол күйінде қалды. Кезінде дұшпанын өлтіріп, түрмеге түскен Саян бостандыққа шығады. Алайда оны түрме сыртында жаңа қауіп күтіп тұр. Ол – марқұмның кек алуға серт берген ұлы еді. Таңдау жасалып қойды, алайда қақтығыстың немен аяқталатыны белгісіз. Басты рөлдерде: Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Асылхан Төлепов, Рауан Ахмедов. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xadVQLBDMAQ
🎬«46 түн» детективі. Фильм желісі Қырғызстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Михаил Лукьянов есімді некрофил әйелдердің қабірлерін қазып, олардың мәйіттеріне қорлық көрсеткен. Тергеу барысында оның 35 қылмыс жасағаны дәлелденген, алайда өзі 46 мәрте осындай әрекетке барғанын мойындаған. Ол 28 жыл бойы бүтін бір елді үрейде ұстаған… Басты рөлдерде: Соорон Тұрғынмаматов, Хакім Мұқарам, Өмірбек Израильов, кубандық Камалов. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6TGTMYPn_A8&rco=1
🎬«Капитан Америка: Новый мир» фантастикасы. АҚШ-тың жаңа президенті Таддеус Росс Капитан Американы ресми мемлекеттік қызметке тағайындамақ. Алайда олардың арасында бұрыннан келе жатқан келіспеушіліктер бар. Сондықтан Сэм Уилмон бұл ұсынысқа күмәнмен қаайды. Дәл сол түні президентке қастандық жасалады. Уилсонның ойынша, сатқын – Ростың ең жақын серіктестерінің бірі… Басты рөлдерде: Энтони Макки, Харрисон Форд. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=GCvLbPkaoA8
🎬«Бриджит Джонс: Без ума от мальчишки» мелодрамасы. Бірнеше жыл бұрын Бриджит Джонс сүйікті жары Марк Дарсиден айырылған еді. Ол Судандағы гуманитарлық миссия кезінде қаза тапқан. Өмірін қайта бастауға бел буған Бриджит жаңа жұмысқа орналасып, танысу қосымшасын жүктейді. Сол арқылы жас жігітпен танысып, оған ғашық болады. Бірақ ана болу, мансап пен махаббаттың арасында тепе-теңдік сақтау оңай емес. Оның үстіне, мектептегі мінсіз аналар қауымы Бриджиттің өмірін одан әрі қиындата түседі. Бұл оның өз бақыты үшін күресуіне кедергі келтіре ме? Басты рөлдерде: Рене Зеллвегер, Чиветель Эджиофор. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ufLc49CnWl0
🎬«Разбитые сердца» мелодрамасы. Жас жігіт байсалды әрі тәрбиелі сыныптасына ғашық болады. Алайда өмірдің қараңғы тұсы оны қылмыс жолына итермелейді. Бір трагедия мен сатқындық олардың тағдырын екіге айырады. Жылдар өткен соң қайта табысқан қос ғашық бір-біріне әлі де ынтық екенін түсінеді. Бірақ олардың бақытына ескі дұшпандары мен сүйіктісінің жаңа өмірі кедергі бола ма? Басты рөлдерде: Адель Экзаркопулос, Франсуа Сибиль. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ROvYiJWfdP0
🎬«Абсолютный хищник» триллері. Луизиана орманында шағын жолаушылар ұшағы апатқа ұшырайды. Көмекке шақыратын мүмкіндік жоқ. Сондықтан аман қалудың жалғыз жолы – батпақты мекенді басып өту. Алайда оларды сол аймақтың нағыз иелері — алпауыт қолтырауындар аңдып жүр. Тірі қалу мүмкін бе, әлде олар жыртқыштардың құрбанына айнала ма? Басты рөлдерде: Элиша Эпплбаум, Сара Придди. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=vdxOYR3kMkg
🎬«Твой цвет» анимесі. Тотсуко – адамдардың көңіл күйі мен сезімін түрлі түстер арқылы көре алатын ерекше қабілетке ие. Оның әлемі бақыттың, таңданыстың және тыныштықтың мың түрлі реңіне толы.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=EeFuFxxc_MY