🎬«Молда» комедиясы. Қанқұйлы қылмыстардан тайынбайтын қатігез адам бастығының тапсырмасын орындамағаны үшін сатқын атанып, өлім жазасына кесіледі. Оны өлтіру үшін ТМД-ның қылмыстық топтары бірігеді. Ал аман қалудың жалғыз жолы–мешітке жасырынып, молда кейпіне ену болады. Басты рөлдерде: Мадияр Серікбаев, Еркін Әбдіреш, Жанболат Найзабеков, Дана Тұрарбек.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LxcRQM0KrsI
🎬«Албасты» мистикалық драмасы. Салтанат есімді қыздың өмірі қайғы мен қасіретке толы еді. Бір күні оның қолына сиқырлы кітап түседі. Сол сәттен бастап қызбен аңыздарда айтылатын тылсым жаратылыс – Албасты сөйлесе бастайды. Ол Салтанатқа көмектесуге уәде береді. Алайда бұл көмектің өтеуі тым ауыр болмақ… Басты рөлдерде: Марат Әміраев, Раушан Орынтай, Айнұр Күншігарова, Назым Мұхадиева. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ICRF0MNpgjI
🎬«Кімге керексің?” комедиясы. Ұзақ жылдар бойдақ боп келген Асхат шаңырақ көтереді. Алайда ол үш айдан соң ажырасып тынады. Сөйтіп бұрынғы әйелі Гүлжан заттарын алуға келгенде, оның қайта тұрмысқа шығуға дайындалып жүргенін біледі… Басты рөлдерде: Шерхан Пирназар, Фариза Ескермес, Нұрболхан Шарапов, Әсел Асқар.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=UNvSB_puk_E
🎬«Оставь это ветру» мелодрамасы. Бұл фильм кәсіпкер әйел мен қамсыз жүрген спортшының махаббат хикаясына негізделген. Екеуінің өмір салты мен көзқарасы мүлде үйлеспейді. Алайда тағдыр оларды бір компанияның директорлар кеңесінде жолықтырады. Екі түрлі әлемнің адамдары бір-бірінен рухтас жан таба ала ма? Басты рөлдерде: Ханде Эрчел, Барыш Ардуч. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=VjEWobbHO5Y
🎬«Дети леса» шытырман оқиғалары. Караг – қарапайым жасөспірім сияқты көрінгенімен, оның жанарында жасырынған тылсым сыр бар. Ол – жартылай адам, жартылай қабыланға айналатын ерекше қасиетке ие. Басты рөлдерде: Вив Ли Томас, Эмиль Шериф.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=qj8KhNt_ne4
🎬«Отравленная любовь» драмасы. Лукас пен Эдит он жылдан кейін алғаш рет жалғыз перзенттері жерленген қабірдің басында жолығады. Басты рөлдерде: Тим Рот, Трин Дюрхольм. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Oh-OeC4QuIk
🎬“Субстанция: Идеал” қорқынышты фильмі. Дарынды студент қыз сұлулығымен де, танымалдығымен де ерекшеленбейтін. Үмітін үзген сәтте, ол адамды түбегейлі өзгертетін дәріні қолдануға бел буады. Алайда сұлулық құрбандықты талап етеді… Басты рөлдерде Джоен Сон, Эден Харт. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=y9lmud-QZxc
🎬«Супергномы» мультфильмі. Сұлу да сүйкімді Эльфи – адамдарға жасырын көмек көрсететін ергежейлілер тайпасының мүшесі. Бір күні олар дамыған ергежейлілер кланының бар екенін біледі.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ucFyVGWkZWg