Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 14 марта, 2025


🎬«Қожа: Жаңа саяхат» драмасы. Фильмде аңызға айналған достар Қожа мен Сұлтан қайта қауышып, қызық оқиғаларды бастан өткереді. Басты рөлдерде: Айқын Елубай, Олжас Қалғаппар, Ильяр Егінбай, Айым Құлымхан.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=btV-Ybj1TNY

🎬«Малай» мелодрамасы. Байдың баласы Чина сән-салтанатты өмірдің жетегінде кетіп, есіре бастайды. Оны дұрыс жолға салудың амалын таппаған олигарх әкесі үлкен бір қадамға барады. Ол психологпен бірлесіп, XIX ғасырдағы қазақ ауылының дәл көшірмесін кең далада тұрғызады. Ауылға тап болған Чина өткен ғасырға өтіп кеткендей күй кешеді. Басты рөлдерде: Жеңіс Омаров, Аида Құрманғалиева, Дулыға Ақмолда, Лаура

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=SmIhC6B7qak

🎬«Чёрный чемодан – Двойная игра» драмасы. Барлау қызметінің ерлі-зайыпты агенттері ұзақ жылдар бойы бақытты өмір сүріп келеді. Олар өзара сенім мен кәсіби адалдықты сақтай отырып, жұмыс пен жеке өмірдің арасындағы тепе-теңдікті таба білді. Алайда бір күні ер адам күрделі таңдау жасауға мәжбүр болады: ол өз отбасына адал бола ма, әлде Отан алдындағы парызын бәрінен жоғары қоя ма? Басты рөлдерде: Майкл Фассбендер, Кейт Бланшетт. Жас рейтингі: 18+        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=csuf3OzxSYM

🎬«Крушение мира» фантастикасы. Кенеттен әлемнің ең ықпалды адамдары қауіпке тап болады – олар бірінен соң бірі тек байларды зақымдайтын белгісіз вирустың құрбанына айналады. Миллиардерлер бар байлығынан құтылуға тырысса, қарапайым адамдар да жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келеді. Бірақ бұл қауіпті ойын. Әлем хаосқа ұшырап жатқанда, жас кәсіпқой Лора аяқ астынан байып кетеді. Ол енді өз өмірін сақтап қалу үшін шындықты анықтауы тиіс. 

Басты рөлдерде: Мэри Элизабет Уинстад, Рейф Спалл. Жас рейтингі: 18+        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=RTwdOa4DwKA

🎬«Мелочи жизни» драмасы. Ирландия, 1985 жыл. Рождество қарсаңында көмір тасушы Билл Ферлонг жергілікті католик шіркеуінде үрейлі оқиғаның куәсі болады. Ол әділдік іздеп, қоғамға қарсы шығуға бел буады. Басты рөлдерде: Киллиан Мерфи, Эмили Уотсон. Жас рейтингі: 18+        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=JmDOZQx20MA

🎬«Зверопоиск» мультфильмі. Мысқылға бейім аңшы-шошқа түрлі жануарды ұстаумен күн көреді. Бірақ оған аңшылық жасауға берілген жаңа тапсырма күтпеген достыққа ұласады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=HGmt7inp2Es

🎬«Пигси: Путешествие сквозь время» мультфильмі. Қол жетпейтін болашақ. Жалқау әрі өзімшіл торай — капитан Пигси жақсы өмірге қол жеткізу үшін қауіпті оқиғаларға толы сапарға аттанады… Алайда нағыз бақыт оның ойлағанынан әлдеқайда жақын болып шығады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=2g9J8q_nN7U


Читайте также