🎬«Ақшақар» отбасылық мелодрамасы. Бұл — 1937 жылдың Disney анимациялық фильмі негізінде түсірілген көркем фильм. Зұлым патшайым өзінің өгей қызы – ханшайым Ақшақарды өлтіруге бұйрық береді. Алайда Ақшақар қашып, жеті ергежейлі тұратын үйді паналайды. Басты рөлдерде: Гал Гадот, Рейчел Зеглер.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=flZN8FQv5ik
🎬«Super курьер» комедиясы. Тимур – жүрегі кең, мейірімді курьер. Өзгелерге көмектесуде алдына жан салмайды. Бірде ол сот төрешісін қарақшылардан құтқарып, күтпеген ұсыныс алады. Енді ол сот төрешісінің қызы — Сабинаның жүргізушісі болуға тиіс. Алайда қызды белгісіз біреулер ұрлап кеткенде, Тимурға қорқынышын жеңіп, оны құтқару үшін батыл қадамға баруына тура келеді. Сонымен қатар қылмыскерлерге қыздың не себепті соншалықты қажет болғанын да анықтауы керек. Басты рөлдерде: Тимур Бақтыбаев, Дулыға Ақмолда, Еркебұлан Дайыров, Құттыбай Сағындықов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-WKXz-Dcvho
🎬«Жошы хан» тарихи драмасы. Алтын Орданың негізін қалаушы, Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы – Жошы ханның өмір жолы аңыз бен құпияға толы. Оның дүниеге келуі жайлы сан алуан жорамал бар, ал өлімі әлі күнге дейін жұмбақ. Ол – тарихтағы ең тылсым тұлғалардың бірі. Жошы хан – біз үшін кім? Жаулап алушы ма, әлде ұлы мемлекетке негіз қалаған кемеңгер билеуші ме? Оны түсіну арқылы біз өзімізді де тереңірек танып, тарихтағы орнымызды айқындай аламыз. Басты рөлдерде: Шыңғыс Бейбітұлы, Болат Ұзақов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=k0uOQXKogXs
🎬«Шоқан. Қашқария сапар» мультфильмі. Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай әзірленген бұл мультфильм көрермендерді ғалымның ең маңызды экспедицияларының бірі – “Қашқарияға саяхат” негізінде жасалған қызық оқиғамен таныстырады. Балаларға түсінікті әрі тартымды тілде баяндалған тарих 8 жасар Азат есімді баланың күтпеген жерден 1858 жылға тап болуымен басталады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=1R7UCmYVDxE
🎬«Западня» триллері. Эдди қымбат көлікті ұрламақ болады, бірақ оның иесі Уильям заңды өз қолына алады. Осылайша Эдди аса қауіпті адамның тұтқынына түсіп, қатыгез “мысық пен тышқан” ойыны басталады. Бұл қанды текетірестің шарықтау шегі Лос-Анджелестің қақ ортасында өтпек. Басты рөлдерде: Билл Скарсгард, Энтони Хопкинс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7jjilh6DBw8
🎬«Киллер в отставке» комедиясы. Зейнетке шыққан киллер Дэнниге ерекше тапсырма жүктеледі – ол жас қылмыскер Вильборгқа жетекшілік етуі тиіс. Жігіттің мергендігі мықты болғанымен, ол тек нысананы ғана емес, жазықсыз адамдарды да атып тастайды. Екеуіне қылмыстық топтың басшысын жою міндеттеледі. Алайда көп ұзамай олар қақпанға түскендерін түсінеді – қарсыластары екеуінің де көзін жоюды көздейді. Басты рөлдерде: Кристоф Вальц, Люси Лью. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=wE3SfCLRdS0
🎬«Новокаин» боевигі. Нейтан Кейн – қарапайым жігіт, бірақ сирек кездесетін генетикалық ерекшелігінің арқасында физикалық ауырсынуды сезінбейді. Алайда оның сүйікті қызы банк тонаушылардың тұтқынына түскенде, Нейтан осы ерекшелігін қаруға айналдыруға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Джек Куэйд, Эмбер Мидфандер. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=02mwGJ6eBuA
🎬«Опус» триллері. Журналист қызға отыз жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен аты аңызға айналған әншінің алыстағы зәулім үйінен шақырту келеді. Жұлдызға табынушылар мен есінен танған қонақтардың ортасында қалған ол көп ұзамай өзіне жасырын жоспар құрылғанын аңғарады. Басты рөлдерде: Айо Эдебири, Джон Малкович. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Sc54np58Ans