«Тәуіп&Шәріп» комедиясы. Есқара мен Шәріп – алаяқтықты кәсіп еткен айлакер жандар. Олар өздерін атақты әртістер ретінде көрсетіп, шалғай ауылдарда концерттер ұйымдастырады. Ән мен күйге шөліркеген аңғал жұртты арбаумен қатар, ескі мотоциклді сирек кездесетін бағалы көлік деп алдап сатады. Алайда олардың қулығы ұзаққа бармайды – ақиқаттың беті ашылған сәтте, ашуға булыққан халықтың қаһарынан қашып құтылудан басқа амалдары қалмайды. Басты рөлдерде: Шерпбаев Бағлан, Бейбітов Есқара.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=FzROSvqmok8
«Режиссер» драмасы. Басты кейіпкердің асқақ арманы бар – ол режиссер болуды аңсайды. Бірақ бұл жолда оны сан түрлі қиындық күтіп тұр, ең ауыры – отбасынан алыстау. Жүрегіндегі сағыныш пен жанын жегідей жеген күмәндарға қарамастан, ол мақсатына жету үшін барын салады. Ақыры арманы орындалып, өз есімін қалыптастырады. Алайда нағыз күрес енді басталды – енді ол тек табысты режиссер ғана емес, өз отбасын қайта табуы тиіс. Басты рөлдерде: Рүстем Жаныаманов, Жанна Сейтхан, Еркебұлан тоқи, Нияз Әбдіғаппар.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=UhMM-qhahWI
«Қош бол дегім келмейді» мелодрамасы. Бұл – махаббат, сынақтар және тағдырмен ымырасыз күрес туралы хикая. Басты кейіпкерлер – Ақжол мен Чолпон бір-бірін шынайы сүйгенімен, өмірдің қатал сынақтары оларды екіге айырады. Ақжол жерасты жекпе-жектерінде өз өмірін қатерге тіксе, нәзік балерина Чолпон арманын жүзеге асыру жолында ауыр сынақтарға тап болады. Бірақ нағыз махаббат барлық қиындықты жеңе ала ма? Басты рөлдерде: Болсун Расылбеков, Бегайым Асанакунова.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=QKkH47sQco0
«Мастер» боевигі. Левон Кейд – қарапайым құрылысшы. Алайда, құрылыс директорының қызын белгісіз біреулер ұрлап кеткенде, ол көмекке дәл Левонды шақырады. Енді өткенді жасырған бетпердені шешіп, өзінің нағыз қабілеттерін көрсетуге тура келеді. Енді оған шын болмысын ашып, ұзақ уақыт бойы жасырып келген нағыз қабілеттерін көрсетуге тура келеді. Басты рөлдерде: Джейсон Штайт, Джейсон Флеминг. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=8hb0s4sFxm0
“Дольче!” боевигі. Қалыңдығын дәл үйлену күні жоғалтқан жігіт оны қайтару үшін о дүниеге аттанады. Бұл сапарда оған жұмбақ таксист жолсерік болады. Басты рөлдерде: Винсент Кассель, Росси де Пальма. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-Wwn48c7vOE
«Семь вуалей» драмасы. Жас театр режиссері Жанинге бұрынғы ұстазының ең әйгілі қойылымын қайта жаңғырту тапсырылған. Бірақ бұл жұмыс оны өткеннің тереңіне жетелеп, мұқият құрған әлемін шайқалтуы мүмкін. Басты рөлдерде: Аманда Сайфред, Ребекка Лиддьярд. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=K39-EsUgNBI
«Тайна в ее глазах» триллері. Екінші баласы дүниеге келгеннен кейін Анетт жұмысын тастап, балаларымен бірге қала шетіне көшеді. Ол мұны күйеуі Беннің шығармашылықпен алаңсыз айналысуы үшін жасайды. Себебі жолдасы атақты жазушы еді. Алайда үлкен қызы фильмге түсе бастағанда, Бен оны түсірілім алаңына ертіп барып, сол жерде атағы дүркіреген актрисамен танысады. Бұл кездесу оның өмірін түбегейлі өзгертеді.
Басты рөлдерде: Дейзи Ридли, Шазад Латиф. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=gn8lsu43F-k
«Лучше всех» комедиясы. Сәтсіз қарақшылықтан кейін полициядан қашуға мәжбүр болған әкесі мен ұлы ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған жазғы лагерьді уақытша паналайды. Алайда бұл жерде қалу үшін олар өзін жаңа демалушы мен оның қамқоршысы ретінде көрсетуге мәжбүр. Бірақ уақыт өте келе, алаяқтар бұл лагерьде тек жасырынып қана қоймай, өз өмірлерін түбегейлі өзгертетін жаңа тәжірибелерге тап болады. Басты рөлдерде: Артюс, Кловис Корнияк. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=kVhsGokOdP0
«Девушки на балконе» комедиясы. Үш құрбы үйдегі көршілерінің жеке өміріне үнемі араласады. Алайда бір қарапайым тұрмыстық жанжал уақыт өте келе нағыз қанды қырғынға ұласады. Басты рөлдерде: Сухейла Якуб, Ноеми Мерлан. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=aPfoff-x-qs
«Ужасающие» қорқынышты фильмі. Бойжеткен ежелгі картинаны қалпына келтіру үшін Италияның шағын қалашығына келеді. Алайда кенептегі бейнені ашқан сайын, оны сұмдық түстер азаптай бастайды. Оның санасындағы құбыжықтар шынайылыққа еніп, айналасындағы адамдарға қатер төндіреді. Басты рөлдерде: Клаудио Натан Брезци, Джанлуиджи Кальвани. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=rXUUZ4070kA
«Питер Пэн. Кошмар в Нетландии » қорқынышты фильмі. Венди Дарлинг бауыры Майклды іздеуге шығады, өйткені оны Питер Пэн ұрлап әкетті деп ойлайды. Басты рөлдерде: Дженни Миллер, Кирстон Вэйр. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=jwnG-0ntQy8