Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 11 апреля, 2025


🎬 «Патруль. Последний приказ» комедиясы. Бұл жолы «Патруль» әлемі Абай облысы, Семей қаласында өрбиді. Мұнда еліміздің Президенті жұмыс сапарымен келмек. Басты кейіпкерлеріміз Президентті алып жүретін кортежге қосылуға бар күшін салады, себебі Мемлекет басшысын сүйемелдеу – әрбір полиция қызметкерінің арманы. Басты рөлдерде: Әділжан Шомбалов, Медет Аманбаев, Еділ Анарбай, Рүстем Омаров. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=72wpFJKUuv0

🎬»Все на мослы: Битва поколений» фантастикасы. Бұл әлемде тарихи тұлғаларға тиесілі бірнеше Ұлы Асық бар: Шыңғысхан, Тутанхамон, Ескендір Зұлқарнайын, Наполеон, Аристотель және Ван Гог. Осы асықтардың барлығын жинаған адам бір ғана тілегін айтып, оның орындалуына қол жеткізе алады. Фильм жас пен кәрінің арасында өтетін асық ойыны чемпионаты туралы баяндайды. Басты рөлдерде: Ерден Губашев, Гүлнар Сильбаева, Марат Әлібаев, Арнат Өтепбергенов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=KHvCsna71_M

🎬»Новичок» боевигі. Фильмнің басты кейіпкері – ЦРУ-дың криптографы. Оның әйелі Лондонда болған лаңкестік шабуыл кезінде қаза табады. Билік өкілдерінің әрекетсіздігін көргеннен кейін, ол әділдік іздеуді өз қолына алады және террористерді өзі іздеуге бел буады. Басты рөлдерде: Рами Малек, Лоренс Фишберн. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xWVN2FlYASc

🎬»Дроп» триллері. Ұзақ жылдан кейін алғаш рет кездесуге барған жесір әйел серігінің өзінің күткенінен әлдеқайда сымбатты әрі тартымды екенін көріп қуанады. Алайда романтикалық кеш шынайы қорқынышқа айналады – әйелдің телефонына белгісіз нөмірден AirDrop арқылы анонимді қауіп-қатерлер келе бастайды. Басты рөлдерде: Брэндон Скленар, Меган Фейхи. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xRQ7t0mkAi0

🎬»Под огнем» экшн-фильмі. Ирак, 2006 жыл. Элиталық арнайы жасақ сарбаздары жау аумағының қақ ортасында тұтқынға түседі. Енді олар өмірлеріндегі ең ауыр сағаттарды бастан өткеріп, қандай жағдай болса да бір-бірін құтқаруға тырысады. Басты рөлдерде: Джозеф Куинн, Космо Джарвис. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=NXz-SAkqh4M

🎬»Дыхание шторма» драмасы. Сүңгуірлер отырған кеме күтпеген жерден күшті дауылға тап болады. Апат кезінде қауіпсіздік арқаны үзіліп, команда мүшелерінің бірі теңіздің түбінде қалып қояды. Оның оттегі қоры небәрі 5 минутқа жетеді, ал көмек тек жарты сағаттан кейін ғана келе алады. Экипаж мүшелері өз өмірлерін қатерге тігіп, досын аман алып қалуға шешім қабылдайды. Басты рөлдерде: Вуди Харрелсон, Симу Лю, Фин Коул. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=5TEuD2DNzT0

🎬»Все, что тебя касается» комедиясы. Маша ешқашан әкесін көрмеген және оны тастап кеткен деп ойлап жүрген. Бір күні анасының күнделігінен оның аты-жөнін және ата-анасы «Звери» тобының концертінде танысқанын біліп қалады. Әлеуметтік желіден әкесінің осы топтың концертіне баратыны туралы жазбасын көрген соң, ол да сол кешке аттанып, шындықты білмек болады. Басты рөлдерде: Маша Кошина, Олег Чугунов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-AOr62vU19c

🎬 «Кайдзю № 8: Миссия разведка» анимесі. Алып кайдзю монстрлары үнемі қалаларға шабуылдайтын әлемде адамзат олармен күресу үшін арнайы қорғаныс күштерін құрған. Басты кейіпкер — 32 жастағы Кафка Хибино, бұл жасқа келсе де, бірде-бір емтиханнан өте алмай, кайдзю қалдықтарын тазалаушы болып жұмыс істеп жүр. Алайда бір күні оның өмірі күрт өзгереді — ол өзі кайдзюға айналады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=JPFZVjC7Z2g