🎬«Мафия» триллері. Ауылда бірнеше жұмбақ өлім орын алады. Ал ауыл тұрғындары мұны өз-өзіне қол жұмсау деп есептейді. Бірақ учаскелік инспектор ерекше сәйкестіктерді байқап, өз тергеуін бастайды. Оның жанына жақында қалаға келген тергеуші қосылады. Бірге олар маньяктың ізіне түседі. Басты рөлдерде: Рамазан Амантай, Жақсылық Айтқұрман, Жасұлан Әйтенов, Шарифбек Закиров. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=q0eYutqq0es
🎬«Өш» триллері. Ауылдағы бір жас қыз қатыгез зорлықтың құрбанына айналады. Қолдау мен қорғаудан гөрі, ол күйеуі мен енесінің сенімсіздігі мен сатқындығына тап болады. Жәрдем болмайтынын түсінген ол тағдырын өз қолына алуға шешім қабылдайды. Осылайша кезекпен өзіне зорлық көрсеткендерді жазалай бастайды. Басты рөлдерде: Сүйүн Оролбекқызы, Имаш Әжікүл. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=0XO1Evro0zQ
🎬«Шымылдық» комедиясы. Жас жұбай махаббатпен некеге тұрғанымен, отбасы ішіндегі түсініспеушіліктер олардың ажырасу туралы шешім қабылдауына түрткі болады. Бұл ортақ шешімнен кейін олар жеңілдік сезініп, әрқайсысы өз жолымен жаңа өмірге қадам басуды асыға күтеді. Алайда қай жерде ұйықтаса да, таңертең олар әрқашан өнер мұражайындағы дәстүрлі неке төсегінде оянады. Басты рөлдерде: Дадахон Обидов, Ситор Әлімжанова.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ovJi-Oa0rUU
🎬«Грешники» триллері. Егіздер өткенді артқа тастап, жаңа өмір бастау үшін туған қалаларына оралады. Алайда олар күтпеген жерден, әлдеқайда зұлым әрі қауіпті күшпен бетпе-бет келеді. Бұл олардың оралуын күтіп тұрған еді. Басты рөлдерде: Майкл Б. Джордан, Джек О ‘ Коннелл. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=mnGU4ObfjYw
🎬«Рейс на вылет» боевигі. Араққа салынған бұрынғы құпия агент өз мансабын қайта қалпына келтіру үшін соңғы мүмкіндік алады. Оның тапсырмасы – ұшақта аса қауіпті хакерді қолға түсіру. Бірақ осы рейсте хакерді өлтіру үшін бірнеше киллер жүреді. Басты рөлдерде: Джош Хартнетт, Кэти Сакхофф. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Ywa4TkG2t6g
🎬«Микки Монстр» қорқынышты фильмі. Балаларға ұзақ жылдар бойы қуаныш сыйлаған Микки атты қуыршақ, олардың зұлымдығы мен ашуына жауап ретінде, өз ішінде құбыжыққа айналады. Осылайша ол әлемді хаосқа айналдыруды мақсат етеді. Егер Вилли пароходының жолаушылары оны тоқтатпаса, Нью-Йоркте жаңа билеуші пайда болуы мүмкін. Басты рөлдерде: Тайлер Пози, Дэвид Ховард Торнтон. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=SN9oN-bcnJM
🎬«Последний экзорцист» қорқынышты фильмі. Ватиканның тапсырмасымен діни қызметкер өзінің қайтыс болған әкесінің ішіне енген қуатты жынды жеңу үшін жеті экзорцистің өлімінің себебін зерттейді. Басты рөлдерде: Марк О ‘ Брайен, Жаклин Байерс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dsmLo3r_nsg
🎬«Джунгли Юрского периода» мультфильмі. Жануарлар африкалық джунглиден уақыт порталына түсіп кетеді, оны өзге ғаламшарлықтар артында ашық қалдырған екен. Болашаққа оралу үшін достарға динозаврлардың көмегі қажет болады. Бірақ бұл көмек ежелгі жәндіктер үшін оңай емес, өйткені олардың әлемін қарулы келімсектер басып алуға дайын.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=S-jonjpW3go
🎬«Пираты опасного моря: Капитан Клык» мультфильмі. Ең жақсы достар Рэйвен мен Пинки ең күшті пират әрі жеті теңіздің патшасы, Капитан Клыктың қол астында қызмет етеді. Бір күні қулықты графиня Сибилла Пинкиді ұрлап, Капитан Клыкты тұзаққа түсіріп, пираттар еліне билік жүргізуді мақсат етеді. Енді батыл Рэйвен, Капитан Клык, оның айдаһары мен көңілді аспаз графиняны тоқтатып, Пинкиді құтқаруы керек.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=gG73mthqiMg