Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 16 мая, 2025


🎬«Игроманка» драмасы. Жұлдыз — ойынға тәуелді әйел. Бірақ бір күні ол өміріндегі ең қиын таңдауға тап болады: ойын немесе ұлы. Бір қарағанда, шешімі айқын болып көрінеді. Бірақ Жұлдыз үшін өзімен бетпе-бет келіп, өткеннің жараларын емдеу оңайға соқпайды. Осы сәтте, оның ішкі күйзелісі мен рухани ізденісі басталады. Басты рөлдерде: Гузель Жан, Жалғас Жанғазин, Бақтияр Қожа, Алтынай Нөгербек.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=hlYMQnIb-PY

 

🎬«Пункт назначения: Узы крови» қорқынышты фильмі. Колледжде оқитын бойжеткен күнде бір сұмдық түсті қайта-қайта көреді. Осы түс оны туған ауылына оралуға итермелейді. Бірақ бұл жай ғана түнгі елес емес, бүкіл әулетін қара түнекке сүйреп бара жатқан қарғыс екенін түсінгенде, бәрі кеш болуы мүмкін. Оны тоқтату үшін бір ғана мүмкіндік бар — бұл шеңберді кім және қалай бұза алады? Басты рөлдерде: Тони Тодд, Брэк Бассингер. Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=0CysFGWyKK8

🎬«Верный друг драмасы. Нью-Йоркте тыныш өмір сүріп жүрген жазушы әйел күтпеген жерден ескі досынан мұра алады. Бұл — асыл, бірақ айтқанға көнбейтін алып ит еді. Сөйтіп беймаза тіршілік иесімен оның өмірі әп-сәтте астаң-кестең болады: сынған заттар, шағымданған көршілер, тіпті пәтерден қуылу қаупі де болады… Бірақ уақыт өте келе ол бұл иттің тек ауыртпалық емес екенін, қайта екеуінің бір-біріне шын қажет екенін ұғына бастайды. Басты рөлдерде: Билл Мюррей, Наоми Уоттс. Жас рейтингі: 18+                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=y8Zf_35zo1M

🎬“Потерянная принцесса” шытырман оқиғалары. Құпия мен қараңғалыққа толы ескі қамал миллиардер Алек Туатидің назарын аударады. Сол жерде сақталған аңызға айналған махаббат пен ата-баба аманаты оны өз тағдырын қайта қарауға жетелейді. Ал бұл жолда ол сенімді одақтастар тауып, зұлымдыққа қарсы тұрып, ұмыт қалған тарихты қайта жаңғыртуы тиіс. Басты рөлдерде: Киллиан О ‘ Салливан, Эрик Робертс. Жас рейтингі: 16+                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=nIosh9m_Qvw

🎬«Загадочное убийство Белль» детективі. Пьер — ауыл мектебінің мұғалімі, ал әйелі Клеа — дәріхана меңгерушісі. Бір күні олар досының сұлу қызы Белльді үйге қонаққа шақырады. Бірақ бірнеше күннен кейін Белль жұмбақ жағдайда көз жұмады. Басты рөлдерде: Шарлотта Гейнсбург, Гийом Кане. Жас рейтингі: 18+                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=v53SVPnblBs

🎬«Багровая отмель» триллері. Тәжірибелі сүңгуірлерден құралған топ су түбінде жатқан көлік пен оның ішіндегі алтын жүктi көтеруге тапсырыс алады. Оған қоса, алтынның иісін сезген қаланың қылмыстық топтары да іске араласып, жанталас күрес басталады. Басты рөлдерде: Гермиона Корфилд, Джейк Райан. Жас рейтингі: 18+                                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ujvG7u0AzwE

🎬«Как заработать на убийстве» триллері. Мишель мен Кати – өмірден баз кешкен ерлі-зайыпты. Күнделікті күйбең тірлік пен қаржылай тығырық олардың арасындағы сезімді өшіріп, үй ішіндегі үнсіздік әлдеқашан үйреншікті күйге айналған. Алайда бір күні күтпеген жағдай орын алады. Орман ішінде болған жол апаты – бәрін күрт өзгертеді.

Басты рөлдерде: Франк Дюбоск, Лор Калами. Жас рейтингі: 18+                                                        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=RjXmSyXZf3U

🎬«Сущность.Семейный кошмар» қорқынышты фильмі. Розарио әжесінен айырылып, туған үйіне оралады. Алайда ауа райының қолайсыздығынан жедел жәрдем келіп үлгермейді, және ол түнді марқұммен бірге өткізуге мәжбүр болады. Күн батқан сәттен бастап, Розарио жын-сайтанмен бетпе-бет келеді. Басты рөлдерде: Эмерод Тубия, Эмилия Фоше. Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=tNjPlgonl_M