🎬«Лило мен Стич» фантастикасы. Бұл – жүрек тебірентерлік әрі күлкілі хикая. Гавай аралында тұратын кішкентай қыз күтпеген жерден бөтен ғаламшарлықпен достасады. Сөйтіп, осы ерекше жаратылыс олардың бұзылған отбасын біріктіруге көмектеседі. Басты рөлдерде: Ханна Уоддингем, Тиа Каррере.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=N6QG5tDUplU
🎬«Миссия невыполнима: Финальная расплата» боевигі. Итан Хант адамзат тағдырын шешетін жасанды интеллектті іздеп, қауіпті сапарға аттанады. Оның шешімі – бүкіл әлемнің болашағына ықпал етеді. Басты рөлдерде: Том Круз, Ванесса Кирби. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=KvwLhlqDVfg
🎬«Джун и Джон» мелодрамасы. Сұрқай өмір сүріп жүрген Джон Джун есімді батыл қызбен танысып, екеуі бірге құштарлық пен қауіпке толы, махаббат пен еркіндікке жетелейтін шытырман оқиғаға жол тартады. Басты рөлдерде: Матильда Прайс, Люк Стэнтон Эдди. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=3v2gety3yHk
🎬«Одержимые: Наследие дьявола» қорқынышты фильмі. Әкесі жұмбақ жағдайда көз жұмғаннан кейін, Грэм отбасылық фермаға оралады. Себебі оның інісі де сол кездегі қорқынышты белгілерді көре бастайды. Енді ол өз отбасы мен өз болашағын құтқару үшін күресуі тиіс. Басты рөлдерде: Кристиан Уиллис, Дирк Хантер. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=CXYqTtHtMOM
🎬«Астрал: Долг крови» қорқынышты фильмі. Эрвина баласы мен ауыр науқастанған анасын асырау үшін зауытқа жұмысқа орналасады. Алайда көп ұзамай ол жерде ежелгі құрбандық рәсімі жасалатынын біледі. Енді ол өзін және жақындарын құтқару үшін бұл тылсым құпияны ашуы керек. Басты рөлдерде: Тускя Намя, Мұхаммед Хан. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=01tZ6eNNwYU
🎬«Соловей против Муромца» шытырман оқиғалары. Қарақшы Бұлбұл батыр Илья Муромецті алдап, оның жасаған ерліктерін өзіне меншіктейді. Ажалсыз эликсирінің арқасында ол бүгінгі күнге дейін өмір сүріп, енді ежелгі қараңғы құдай Велесті тірілтпекші. Басты рөлдерде: Владимир Любимцев, Никита Ефремов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=FQuwEjbP8cs