🎬»Остров. Ұмытылмас саяхат» комедиясы. Жомарт Таиландқа жол тартады. Оның мақсаты — құрылыс компаниясының бұрынғы директорын тауып, мемлекет қаржысын жымқырды деген айыпты жоққа шығару. Бірақ бұл миссия оған оңайға соқпайды: жолында улы жәндіктер, жергілікті қылмыскерлер және басқа да тосын жағдайлар көп. Сапар барысында оған Мәдина Оспанова сомдаған кейіпкер серік болады. Бұл фильм — шынайы күлкі мен шытырманға толы хикая. Басты рөлдерде: Еркебұлан Тоқтар, Мәдина Оспан, Сафуан Рысбайұлы. Жас рейтингі: 16+
Біздің кинообзор мына жерде: https://youtube.com/shorts/Ol1IxUebzZM?si=8jcppI_AG92NNBmk
🎬»Каратэ-пацан: Легенды» спорттық боевигі. Таныс әлемдегі жаңа оқиға. Бұл жолы екі алпауыт дәстүр тоғысады — нәтижесінде жаңа аңыз туады. Басты рөлдерде: Джеки Чан, Бен Ван, Ральф Маччио.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=55qOCxcLj6o
🎬»Финикийская схема» боевигі. Сыр бүккен көлеңкелі өмірдің тасасында өрбитін ауыр драма. Бұл фильм – әке мен қыз арасындағы сенім мен сатқындықтың нәзік шекарасын зерттейді. Моральдық таңдаулар мен ішкі арпалыс, жанды жаралайтын шындық пен есті елең еткізер шиеленістер көрерменді терең толғанысқа жетелейді. Басты рөлдерде: Бенисио Дель Торо, Скарлетт Йоханссон, Том Хэнкс, Бенедикт Камбербэтч. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=lwhUrvetC-4
🎬»Быстрее ветра» спорттық драмасы. Макс – болашағынан зор үміт күттірген бұрынғы кәсіби автожүргізуші. Бір кездері жылдамдықпен өмір сүрген ол бүгінде қарапайым тіршілік кешіп жүр. Алайда тағдыр тосын сый жасап, оны әлемдегі үздік спортшыларды тәрбиелейтін ерекше академияға жетелейді. Осылайша жүрек түкпіріндегі ұмыт бола бастаған арман қайта оянады. Академияда ол Уилл есімді жас спортшымен танысады. Екеуінің арасында бірден ыстық сезім тұтанады. Енді Макс жеңіс жолы мен жүрек үні түйіскен сәтте өмірінің басты шешімін қабылдауы қажет: махаббат па, әлде чемпиондық па?
Басты рөлдерде: Паола Локателли, Карио чектері. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=8FAK5wC190U
🎬»Игры возмездия» боевигі. Бокуши – соғыс өртімен шыныққан, тактиканы жетік меңгерген суыққанды сардар. Ол өзіне арнап темірдей тәртіппен басқарылатын жеке бекініс тұрғызып, айналасына майдан көрген, қарусыз қалмайтын жауынгерлерді топтастырады. Оның не ойлап жүргенін үкімет түсіне алмай әлек болады. Қауіп күшейген сәтте билік Бокушидің бұрынғы шәкірті – арнайы жасақтың үздік сарбазы Нэшті іске қосады. Ал Нэш үшін өмір бойы ішінде тұншыққан кек алу сәті туады. Себебі дәл осы Бокуши оның отбасын, сүйіктісін және болашағын тартып алған адам еді. Бірі – өз шындығын қорғауға дайын, екіншісі – әділет үшін бәрін құрбан етуге әзір. Алдағы шайқаста тек біреуі ғана тірі қалады…
Басты рөлдерде: Роберт Де Ниро, Джейми Фокс, Скотт Иствуд. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ds3QNYJlJLY