Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 29 Қыркүйек, 2023


🎬«Белгісіз батырлар» тарихи комедиясы. Фильм достарымен жоңғар басқыншыларына қарсы соғысқа аттанған қарапайым қазақ жігітінің дала сұлуына деген махаббат хикаясына арналған. Сюжет бойынша оқиға 18 ғасырда әйгілі Аңырақай шайқасы кезінде орын алады. Басты рөлдерде: Рамазан Амантай, Нұрболхан Шарапов, Айнұр Ілиясова, Индира Сабирова, құмар Лукманов, Біржан Чопбаев. 

Жас рейтингі: 16+        

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=P6UQfH16EoY

🎬«Міржақып. Оян, қазақ!» тарихи драмасы. Ақын, жазушысы, көсемсөз шебері, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өзінің «Оян, қазақ» кітабын жазып-басып шығару кезінде орасан кедергілерге ұшырайды. Онсыз да ілгеріде Қарқаралы құзырхатын ұйымдастыруға қатысып, “Серке” газетіне өткір мақалалар жазғаны үшін патша өкіметінің қырына ілігіп жүрген 23 жастағы жігіт тәуекелді қадамға барып, кітабын басып шығарады. Ол 1909 жылы қазақ қоғамын дүр сілкіндірген ірі оқиғаға айналады. Басты рөлдерде: Бақыт Қажбаев, Зарина Кармен, Мақсат Сәбитов, Байғали Есенәлі, Бауыржан Қаптағай.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=jgs6kvUGkEU&t=1s

🎬«Обучение Адемоки» драмасы. Адемоканың әңгіме жазуға және сурет салуға деген құштарлығы зор. Бірақ ол арманына жету жолында көптеген кедергіге ұшырайды. Бір күні ол Ахав есімді философ әрі әдебиет мұғалімін кездестіреді. Бұл кездесу оның үлкен мүмкіндігіне айналады. Басты рөлдерде: Адема Ержанова, Данияр Алшинов, Болат Қалымбетов, Әсел Сәдуақасова, Санжар Мәди.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dut25izFYVk

🎬«Coco & Janbo» комедиясы. Енді ғана түрмеден шыққан Жанболат өмірін жақсарту үшін ескі әдеті – ұрлыққа қайта оралады. Осындай бір ыңғайсыз жағдайда ол дарынды суретші Қорланды кездестіреді. Тағдырдың жазуымен Жанболат оған көрмеге көмектесуге мәжбүр болады. Осылайша оның суретші ретінде таланты ашылады. Көрмеге дайындық екі жасты жақындастырып, бір-біріне ғашық болады. Жанболатқа ұры және суретші жағдайында өмір сүруге тура келеді. Ол ескі өмір салтына нүкте қойып, махаббат жолына түсе ала ма? Басты рөлдерде: Жанболат Найзабеков, Салтанат Серкебаева, Әсел Ақбар, Әділжан Шомбалов, Асхат Үрпеков.  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=uUQnBJtKr5k

🎬«Создатель» фантастикасы. Адамзат пен жасанды интеллект күштер арасындағы шайқаста бұрынғы жедел агент Джошуа әйелін жоғалтып алады. Енді ол соғысты тоқтату үшін жұмбақ қаруды жасаған қол сәулетшіні тауып, оның көзін құртуы керек. Басты рөлдерде: Джон Дэвид Вашингтон, Джемма Чан. 

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=JEEQjpNT8BQ

🎬«Великая ирония» комедиялық драмасы. Күзгі Париж әрқашан ерекше романтикаға толы. Тағдырдың жазуына байланысты бақытсыз некені бастан өткеріп жүрген Фанни есімді әйел көп жылдар бойы көрмеген сыныптасымен кездесіп қалады. Нью-Йорктегі алаңсыз жастық шағын есіне түсіре отырып, ол мектеп жылдарында өзіне ғашық болған сүйкімді жазушымен қарым-қатынаста болуды шешеді. Бірақ қызғаншақ күйеуі күдіктене бастаған кезде, махаббат оқиғасы бірте-бірте зұлым ойынға айналады. Басты рөлдерде: Лу де Лааж, Валери Лемерсье. 

Жас рейтингі: 16+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6vNcPrkNrfw

🎬» Заклятие. Зло внутри» қорқынышты фильмі. Сэмнің досы өзін оғаш ұстай бастайды. Ол өзін басқа дүниелік жаратылыс аңдып жүргенін айтады. Досы жоғалып кеткеннен кейін Сэм бұл басқалардың наразылығымен қоректену арқылы күш жинайтын жаратылыс екенін біледі. Енді сиқырдың құрбаны болмауы үшін Сэм досын ненің азаптағанын білуі керек. Басты рөлдерде: Меган Сури, Ниру Баджва. 

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=8jHiVPJGW0k

🎬«Щенячий патруль: Мегафильм» мультфильмі. Сиқырлы метеорит шытырман оқиғалы қалаға құлап, күшік патрульінің мүшелеріне ерекше күш береді. Осылайша олар Мега күшіктерге айналады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=loaoCiE2FCc