Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстандықтар шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын мобильді қосымша арқылы тексере алады.
Әділет министрлігі республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімобильді қосымшасын әзірледі.
Пайдаланушылар үшін келесідей қызметтер қолжетімді:
Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.
Елден шығуға уақытша тыйым салу мен шектеулерін тексеру.
Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б).
Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.
QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу.
Қосымшаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.📌
2️⃣ Енді ҰБТ сертификатын eGov-тан жүктеп алуға болады.
Цифрлық сертификатта әрбір пән бойынша ұпайдың саны көрсетілген. Сондай-ақ, ұлттық тестілеу орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар.
Сондай-ақ, ҰБТ сертификаттары IB, ACT, SAT, A-Level сияқты халықаралық тесттерге қарай жіктелген. Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектеріне, ақылы оқуға немесе мемлекеттік білім беру бағдарламаларына қатысуға үміткерлерге арналған куәліктер бар.
«Бұл түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін ұсыну үшін цифрлық сертификатты пайдалануға мүмкіндік береді»,- деп Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.
ҰБТ сертификатын алу тәртібі:
Қосымшаға кіріп, басты бетте «Сандық құжаттарды» басу;
Құжаттар тізімін жаңартқаннан кейін ҰБТ куәлігі шығады;
Айта кетері, ҰБТ куәлігінің мерзімі аяқталса, цифрлық құжаттар тізімінде көрсетілмейді. Ондай құжат тест тапсырғаннан кейін келесі жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Цифрлық куәліктің түпнұсқалығын QR-код арқылы тексеруге болады.
Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 30 құжат, соның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.
Қазақстанда тағы бір цифрлық құжат қолданысқа енгізілді.👍
3️⃣ Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі шықты.
Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.
Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша белгіленді. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 1677 адам қатысты.
Болашақ магистранттардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынақабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Магистратура бойынша мемлекеттік білімгранттары иегерлерінің тізімі мына жерде.
Грант иегерлерін құттықтаймыз!👏🏻