Пәтер,Монтана,Қазақ спорты. 18 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Мамыр, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына пәтер берілді.

Бокстан әлем чемпионатының қазақстандық жүлдегерлеріне жаңа пәтер кілттері беріліп, бапкерлеріне үлкен қаражаттағы сертификаттар табыс етілді.

Жамбыл облысында әлем чемпионатының жүлдегерлері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовты марапаттау рәсімі өтті. Бекбауов 67 келі салмақта екінші орын алса, Қазақстан құрамасының капитаны Шымбергенов 71 келі салмақта әлем чемпионы атанды.

Құтты болсын!😍👏🏻

2️⃣ АҚШ-тың Монтана штатында TikTok-қа заңды түрде тыйым салынды.

Штат губернаторы Грег Джанфорте ТикТокқа тыйым салу туралы заңға қол қойды.

Оның пікірінше, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.
Губернатор штаттағы деректерді «шетелдік қарсыластарға» жіберетін кез келген қосымшаны бұғаттау туралы бұйрық шығарғанын айтты.

Бізге де осы заң қажет пе, қалай ойлайсың?🤔

3️⃣ Моңғолияда қазақтың ұлттық спорт түрлері дамымақ.

Бұл туралы ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

17 мамырда қауымдастықтың президенті Исламбек Салжанов Моңғолия қазақ ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Ром Әуесханмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақтың ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қыркүйек айында Баян-Өлгийде аударыспақтан Азия чемпионатын өткізу жоспары талқыланды.
Сондай-ақ өткен аптада Алматыда Қазақстан аударыспақ федерациясының өкілдері Моңғолия делегациясымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойғаны атап өтілді.

Сол басқосуда Моңғолияда аударыспақты (шабандоздар жарысы) дамыту мәселесі талқыланып, дүниежүзілік аударыспақ федерациясын құру туралы маңызды шешім қабылданды. Дүниежүзілік федерацияның президенті болып Марат Жұман сайланды.

Керемет бастама!🔥