Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Енді Air Astana ұшақтарымен ересектердің қарауынсыз ұшатын балалар қосымша ақы төлейді
“Air Astana” әуе компаниясы бүгіннен бастап осындай ереженің енгізілгенін хабарлады.
“Ересектерсіз жолға шығатын 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау үшін арнайы алым төлеу керек. Оның құны бір жағына — 9 750 теңге немесе 20 АҚШ доллары”, — делінген хабарламада.
Бұл қаржыға борт қызметкерлері сапарлайтын баланы әуежайға тіркелген сәттен бастап баратын жердегі жауапты тұлғамен кездесуіне дейін алып жүреді. Кішкентай жолаушылар ұшаққа бірінші болып мініп, соңғы қатарда отырады әрі оларды экипаж бақылайды.
Заңды өкілдер баланы стюардессаларға тапсыру үшін әуежайға ұшу уақытынан кемінде 1,5-2 сағат бұрын келуі керек. Балаларды ұшақпен жалғыз тасымалдау кезінде электрондық құжаттарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Балалардың қауіпсіздігі үшін осындай шара қабылдапты👍
2️⃣ Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
«Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды», — деп жазылған хабарламада.
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
Жақындарыңызды құлаққағыс етіп қойыңыз!📌
3️⃣ «Үздік педагог» байқауына өтінім 5 қазанға дейін қабылданады
«Үздік педагог» республикалық байқауының аудандық және облыстық кезеңдері 8 тамыз-10 қыркүйек аралығында жергілікті жерлерде ұйымдастырылды. Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған педагогтер республикалық кезеңге жолдама алады. Бүгінгі таңда 180-нен астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ұйымдар педагогі өтінім беріп үлгерді.
2012 жылдан бастап «Үздік педагог» республикалық байқауы аясында 700-ге жуық педагог жеңімпаз атанып, мемлекет тарапынан марапатталды. Дәстүрлі түрде жеңімпаздарға «Үздік педагог» төсбелгісі және 1000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.
Мәселен, 2023 жылы 64 үздік ұстазға жалпы сомасы 220 млн 800 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. «Үздік педагог» атағын иеленушінің әрқайсысына 3 млн 450 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
Байқауды өткізу рәсімі автоматтандылырған және жариялы түрде өтеді.
Республикалық байқау комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, журналистер, педагогтер және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері енеді.
Конкурс педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға ынталандыруға бағытталған.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!🔥