Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты құжаттар табылды
«Архив – 2025» кешенді жоспары аясында шет ел архивтерінен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи құжат жинақтау мақсатында ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің делегациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласына іссапармен барды.
«Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Моңғолия Ұлттық архивінен Қазақстанға қатысты құжаттар анықталып, 90 фотоқұжат және жалпы ұзақтығы 92 минуттық киноқұжаттың көшірмесі алынды», — деп жазылған Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.
Киноқұжатта Баян-Өлгей аймағының он және жиырма жылдығына арналған бейнеқұжаттары, қазақстандық делегацияның жергілікті қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысуы туралы деректер бар. Ал фотоқұжаттарда Баян-Өлгей аймағындағы қазақ халқының тұрмысы, жергілікті театр әртістерінің қойылымдары, әр жылдары Моңғолия еліне сапарлаған қазақстандық өкілдер бейнеленген.
Олардың арасында фото және киноқұжаттар бар екен🔥
2️⃣ Павлодарда кальянға әуес азаматтар 1 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады
Өткен демалыс күндері полицейлер рейдтік іс-шаралар барысында аймақтағы ойын-сауық мекемелерінде кальян қолданудың 15 фактісін анықтады.
«Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылған темекі қосылған өнімдерді, кальянға арналған темекіні, кальян қоспаларын, темекіні қыздыру жүйелерін, электронды тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған жерлерде тұтынғандар жазаланды. Олардың әрқайсысына 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар 8 мекеме әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — дейді Polisia.kz агенттігіне Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Қуаныш Мұстафинов.
Мұстафиновтың айтуынша, жыл басынан бері жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен электронды темекілерді тұтынуға тыйым салуды бұзған 33 азамат жауапкершілікке тартылған.
Айта кетері, заңбұзушылықтардың «Учаске» жедел-алдын алу шарасы барысында жолы кесілді. Бұл шара аясында полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелері мен компьютерлік клубтар аумағында қылмыстың алдын алу мақсатында жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізді.
«Учаске» шарасы басталғалы 6 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 203 ұсақ бұзақылық фактісі анықталды. Алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін 618-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды.
Мекемелерде қатаң тексеріс жүргізіліп жатқан көрінеді📍
3️⃣ Педагогтердің білімін бағалаудан өткенін растайтын құжат электронды форматта беріледі
Қазақстанда педагогтердің білімін бағалаудан өткенін растайтын құжат енді QR код басылған қағаз түрінде және электронды түрде беріледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Оқу-ағарту министрлігінің құжат жобасынан белгілі болды.
QR кодының болуы сертификаттың түпнұсқалығын тез және сенімді тексеруге мүмкіндік беретін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.
Министрліктің түсіндіруінше, сертификаттың электрондық форматы педагогтердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарына қатаң есептілік бланкілерін сатып алуға және толтыруға кететін уақыт пен қаржылық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, электрондық сертификаттарды пайдалану педагогтердің оқу орнына жеке келу қажеттілігін жою арқылы процесті жеңілдетеді, бұл уақытты үнемдейді және процесті барлық қатысушылар үшін ыңғайлы және қолжетімді етеді.
QR кодтың болуы сертификаттың түпнұсқалығын тез және сенімді тексеруге мүмкіндік беретін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.
Тамаша!👍