Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✅
1️⃣ Қазақстан аумағынан пластик бөтелкелер мен пластмасса қалдықтарды шығаруға тыйым салынды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы «Полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.
Нақтырақ айтсақ, сыйымдылығы 2 литрден аспайтын және асатын бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды, пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды әкетуге болмайды.
📍Бұл шешімді қолдайсың ба?
2️⃣ Биыл Қазақстанның 6 жоғары оқу орны дебат турнирлерінің жеңімпаздарына білім грантын берді. Сонымен қатар жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
Дебат турнирінің 12 жеңімпазы Қорқыт ата атындағы университет, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Х.Досмұхаметов атындағы Атырау университеті, Тұран университеті, Satbayev University және Нархоз университетінде оқуға грант алды.
📌 Саған дебат ұнай ма? Дебатты тамашалап көрдің бе?
3️⃣ Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әжелерімен Меккеге қажылыққа барды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.
Әншінің айтуынша, бұл оның көптен күткен армандарының бірі болыпты.
✈️ Сенің қандай арманың бар? Меккеге барғың келе ме?)