Пойыз, Алаяқ, Жұмыс. 21 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Маусым, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ 1 шілдеден бастап Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы тоқтайды.

Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. Мұндай орталықтардың филиалы «Мансап орталығы» деген атаумен жұмыс істейді.

Еңбек мобильдігі орталықтары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы заңы негізінде жұмыс істейді. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын жүзеге асырады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда қазақстанда 207 жұмыспен қамту орталығы бар.

Оның орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. 📌

2️⃣ Қазақстанда «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы іске қосылды.

Туристік бағыттағы пойыз республиканың әртүрлі аймағына барады. Атап айтатын болсақ, Байқоңыр, Түркістан, Алматы, Бурабай, Алакөл. Еліміздің көрікті жерлерін 10-15 жас аралығындағы 600 бала тегін тамашалауға мүмкіндік алады.

Бұл түрлі байқаулардың жеңімпаздары мен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.

Еліміздің көрікті жерлерін 10-15 жас аралығындағы балалар тамашалай алады. 😍

3️⃣ Қазақстандықтар алаяқтарға 17 миллиард теңгеден аса ақша аударған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 миллиард теңгеден асады.

«Соңғы үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық деректері бойынша 600-ден аса қылмыстық іс болған. 313 адам сотталды. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық істер бар», – делінген хабарламада.
Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 миллиард теңгеден асады.

Осыған байланысты 600-ден аса қылмыстық іс болған. Абай болыңыздар!☝🏻