Полицейлердің заңсыз әрекеті, Алма ескерткіші, Француз мектебі.30-шы қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 30 Қараша, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Алматыда полицейлердің заңсыз әрекетін байқасақ 8-707-927-67-69 телефонына хабарласуға болады.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері анықталған жағдайда egov.kz порталы және басқа да қолжетімді ақпараттық ресурстар арқылы арыз қалдыруға болады.

Полиция департаменті сонымен қатар іс жүзінде қызметтер мен бөлімше қызметкерлерінің қызметін бақылаудың бірнеше нысандары бар екенін атап өтті.

«Мысалы, төсбелгі бейнетіркегіштердің көмегімен біз жол-патрульдік полиция инспекторларының жұмыс сапасын ғана емес, даулы мәселелерді де шеше аламыз. Сонымен қатар, бұл сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді шарасы.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтау, олардың қылмыстық және әкімшілік қудалау орбитасына негізсіз тартылуына жол бермеу мәселелері ҚР ІІМ және Алматы ПД басшылығының тұрақты бақылауында екенін хабарлаймыз», – деп атап өтті Алматы қаласы ПД жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.

Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады екен📞

2️⃣ Грекияда қазақстандық алманың ескерткіші салынды.

Бұл туралы елшілік сайтында хабарланған.

Қоладан құйылған ерекше мүсінді ескерткіш ежелгі дәуірден Грекияда бейбітшілік пен гүлденудің белгісі болып саналатын зәйтүн бұтағымен жиектелген шығу жері Қазақстанды бейнелейтін алма пішінінде жасалған.

Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігінің бастамасына Ахарне қаласының мэрі Спиридон Вреттос қолдау көрсетті. Жергілікті қалалық кеңес депутаттарының бірауыздан қабылданған шешімімен ескерткішке орталық алаңда қалалық әкімдік ғимаратына тура қарама-қарсы жерде орын бөлінді.

Грекия астанасының орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан және Афина астаналық аймағына кіретін Ахарне қаласында тарихи отанына оралған 30 мыңнан астам қазақстандық гректер өмір сүреді.
Өзінің сөзінде Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев ескерткіш «халық дипломатиясының» үлгісі және Қазақстан мен Грекия арасындағы үздіксіз мәдени байланыстың жарқын мысалы екенін атап өтті.

Жоба Қазақстанның тумалары, қазір Грекия азаматтары, әкесі мен баласы Иоаннис пен Константин Петридистер негізін салған «DKG Development» компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылды.
Ахарне муниципалитетінің тарихи көрікті жерлерінің арасына грек патшаларының Tatoi жазғы сарайы және «Agia Paraskevi» әйелдер ғибадатханасы кіреді.

Бұл Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 30 жылдық мерейтойы құрметіне салыныпты.😍👍

3️⃣ Астана мен Алматыда екі француз мектебі ашылады.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макронның бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде Президенттер білім саласындағы ынтымақтастықтың басымдылығын атап өткен.
«Олар Астана мен Алматыда екі француз мектебін ашуға және дамытуға қолдау білдірді.

Студенттердің ұтқырлығын, атап айтқанда «Абай-Верн» бағдарламасы шеңберінде шәкіртақылар санының көбеюіне және «Болашақ» бағдарламасы бойынша француз жоғары оқу орындары тізімін кеңейту арқасында арттыруды қолдады.
Сондай-ақ Сорбонна-Қазақстан институтын қайта форматтауды қолдайтындықтарын білдірді және 2022 жылғы 30 қарашада Парижде 7-ші Қазақстан-Франция жоғары білім форумының өтуін, сондай-ақ білім беру саласындағы бірқатар құжаттарға қол қоюды құптады», – делінген Ақордаға жариялаған бірлескен құжатта.

Жастарға үлкен мүмкіндік болды.🔥🔥🔥