Портал, Турист, Фильм. 9 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 мая, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған портал іске қосылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды.

Сайт Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлер туралы мәліметтермен толтырылған ақпараттық ресурсты ұсынады.
Түрлі ақпарат көздерінен ақпарат жинаған сайт қазақстандықтардың майдандағы ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып саналады. Мәдениет және ақпарат министрлігі пилоттық жобаны 2023 жылы іске қосты және ол бірден азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Бүгінгі күні порталдың функционалы кеңейтіліп, деректер толыққанды жүйеленді. Портал бір жылдың ішінде, яғни Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай барлық қазақстандық ардагер туралы деректерді біріктіретін ақпараттық интерактивті жүйеге дейін жетілдіріледі.

Жобаны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қатысты.
Әрбір қазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қоса алады. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттарды жобаға көшіруге беру арқылы сайтты толықтыруға көмектесу мүмкіндігіне ие болады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін.

Жобаның басты мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.

Тамаша!👏🏻

2️⃣ Грузияда туристер үшін елге кіру тәртібі өзгереді.

Биыл 1 маусымнан бастап туристер үшін Грузияға кіру тәртібі өзгереді. Юұл туралы «Грузия Онлайн» порталында мәлім етілді.

Жаздың бірінші күнінен бастап Грузияға баратын туристер медициналық сақтандыруды рәсімдеуге міндеттелмек. Оны сол елде болатын толық уақытқа алу қажет.
Қазіргі кезде 10 күндік полистің бағасы шамамен 7-14 мың теңгені құрайды.
Ал Грузияға медициналық сақтандырусыз кіргені үшін 300 лари (48 858 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оны уақытында төлемеген жағдайда екі есеге артық шығын шығаруға тура келеді. Ал бір айдың ішінде айыппұл 900 лари, яғни, шамамен 146 500 теңгеге дейін өседі.
Медициналық сақтандыру полисін алдын ала жасап алған дұрыс.

Саяхаттауды жоспарлап жүрсеңіз, ескеріңіз!📌

3️⃣ Қазақстанның төрт қаласында Әди Шәріпов туралы фильм тегін көрсетіледі.

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы басталды. Соның аясында төрт қаланың кинотеатрларында «1941 жылдың жазы» фильмі тегін көрсетіледі.

Режиссер Бекболат Шекеровтің фильмі ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлігімен көзге түскен диверсиялық топтың басшысы көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтың өмірбаяны туралы баяндайды.
Үшінші Рейх КСРО-ға енді шабуыл жасаған кез бейнеленген.

Беларуссияда жойқын шайқастар жүріп жатқан, ал Кеңес армиясының күштері шегінуге мәжбүрболған сәт көрсетілген. Сол кезде Қазақстаннан майданға жас лейтенант Әди Шәріпов келіп, сұрапыл соғыстың алғашқы сәттерін өз көзімен көреді. Оның жасағы әскердің алдыңғы шебінде шайқасқан. Ақыр соңында ми батпақта жаудың қоршауында қалады. Жау тылында қалған лейтенант партизан жасағын құрып, нацистік басқыншыларға лайықты тойтарыс береді.

«1941 жылдың жазы» фильмі Алматы, Қарағанды, Шымкент және Талғар кинотеатрларында көрсетіледі.

Міндетті түрде тамашалап қайтыңыз!👍