Президент, Шәкіртақы, Банкнот.17 қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 ноября, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ 2024 жылы шәкіртақы сомасының қанша болатыны белгілі болды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті шәкіртақы мөлшері мынадай болатынын хабарлады:

* бакалавриат – 47 135 теңге (педагогикалық бағытта – 75 600 теңге);
* магистратура – 107 061 теңге;
* докторантура – 240 000 теңге.

Шәкіртақы тағы да артады😍

2️⃣ Қазақстанда 2024 жылы жаңа «9-20-25» ипотекасы іске қосылады.

Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова жаңа бағдарлама жас отбасыларға негізделетінін мәлімдеді.

Ол соңғы уақытта жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасылардан баспанамыз жоқ деген хабарламаның жиі келетінін жеткізді. Ал олардың көпшілігі мемлекеттік қызметкер яки бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкері де емес. Сондықтан белгілі санат бойынша баспана кезегіне тұра алмайды.

Оларды ескеріп және Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғының дүниеге келуіне байланысты Отбасы банкі осы бағдарламаны (9-20-25 – автор) әзірлемек.

Ипотека туралы толық ақпаратты сайтымыздан оқи аласыздар.📌

3️⃣ Қазақстанда ескі үлгідегі 5 мыңдық банкноттар айналымнан алып тасталуы мүмкін.

2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноттар айналымнан алып тасталуы мүмкін. Ұлттық банктің қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

«2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 2011 жылғы үлгідегі айналыстағы номиналы 5 000 теңгелік банкноттары (ескі үлгідегі банкнот) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 2023 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналы 5 000 теңгелік банкноттарына (жаңа үлгідегі банкнот) ауыстыру басталсын.
2023 жылғы 25 желтоқсаннан 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін ескі үлгідегі банкноттар мен жаңа үлгідегі банкноттардың қатар айналыс кезеңі белгіленсін», — делінген қаулы жобасында.

Бұл ретте жаңа үлгідегі банкноттар мен ескі үлгідегі банкноттар қатар айналыс кезеңінде заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдардың барлық түрлерін жүзеге асыру, банктік шоттарға есептеу үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Ұлттық пошта операторының барлық филиалдарында, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Алып тастаған дұрыс па?🤔