Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ 15 жасар Әмір Омарханов ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды.
Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.
«Осындай нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаған жоқпын, қатты қуаныштымын. Бір апта бұрын қолым жүрмей, өзімді қатты жайсыз сезіндім, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Додада қарқыным үдей түсіп, бірінен кейін тағы бір жақсы ойындар көрсеттім. Ақыры жақсы болғанына, қолымнан бәрі келгеніне қуаныштымын” — дейді, Әмір Омарханов.
Құтты болсын!👏🏻👏🏻😍
2️⃣ Елде көліктерді тіркеу шілдеге дейін жалғасады.
Қазақстан көліктерді бірінші шілдеге дейін тіркеуге болады.
Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
Қазір ел бойынша 15 мың азамат темір тұлпарын мемлекеттік есепке қойған.
Жалпы 35 мың адамның өтініші мақұлданды. Бірақ, кейбір азамат көлігін тіркей алмай, наразылық білдірген. Ішкі істер министрлігінің өкілінің сөзінше, әрбір жағдай жіті қаралады.
Ал сіз тіркеп үлгердіңіз бе?🤔
3️⃣ Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды.
«Электро-Л» сериялы ғарыш аппараттары ғалымдарға ауа райын болжауға, авиация саласындағы ұшу жағдайларын талдауға, теңіздер, мұхиттар акваторияларының жай-күйін бақылауға, сондай-ақ қауіпті аудандардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі.
2011 жылдан бастап Жер орбитасында «Электро» жүйесі жұмыс істейді, бұл бағытта «Электро-Л» № 2 және «Электро-Л» № 3″ сынды мақсатты жерсеріктері қолданыста екенін жеткіземіз».
Зымыранға «Электро-Л» № 4 ғарыш кемесі бекітілген.📌