Рафаэль Фазиев, Елена Рыбакина, Numbeo. 11-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 10 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық Рафаэль Физиев бразилиялық қарсыласы Рафаэль дос Аньосты нокаутпен жеңді.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC on ESPN 39 турнирінің басты жекпе-жегі өтті.

Мұнда екі файтердің жеңіл салмақтағы жекпе-жегі бес раундқа жоспарланған болатын. Алайда Рафаэль Физиев қарсыласын соңғы бес минутта нокаутпен жеңді.

Құттықтаймыз!💪🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Елена Рыбакина Уимблдон тарихындағы ең жас жеңімпаз атанды. Ол аталмыш жеңісі үшін екі миллион фунт стерлинг сыйақыға ие болды.

Естеріңе сала кетейік, 23 жастағы қазақстандық теннисші әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жаберді жеңген болатын.

Елена, жарайсың! 😍🔥

3️⃣ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары Numbeo сайтында жарияланған зерттеуге байланысты өмір сүруге ең қымбат қалалар тізіміне енді.

Бәұл зерттеу нәтижесі бойынша, Алматы 466 орында, ал Нұр-Сұлтан 475 орында тұр.

Келісесің бе?🤔