Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстанның екінші ракеткасы Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Б.Жұқаев 187-ден 186-ға көтерілді.
Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр.
Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыда.
Жұптық сында Анна Данилина – 56, Е.Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.
Құтты болсын!👏🏻
2️⃣ Француз императоры І Наполеонның қалпағы аукционда 2 млн еуроға сатылды.
Бұл туралы Osenat аукцион үйі мәлім етті.
Қалпақ Франция астанасы аумағындағы Фортенбло коммунасында жексенбі күні болған аукционда 1 932 000 еуроға сатылып, рекорд орнатты.
Аталмыш қалпақ 1810 жылдан бері сақталып келеді.
Аукцион үйі сайтындағы ақпарат бойынша, әуелде лот 600-800 еуроға бағаланған.
Ал сіз шамаңыз жетсе сатып алар ма едіңіз?🤔
3️⃣ Түркия қағаз шығаратын зауыт пен Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешенін салады.
Түрік инвесторлары Қазақстанда «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауыт пен елдегі ең үлкен жылыжай кешенін салады.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов екі шетелдік компаниямен жалпы сомасы 662 млн доллар болатын меморандумға қол қойды.
«Түркияның ірі компаниясы «Alarko Holding» қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салады. 650 млн долларға жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құрып, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді», — деп жазылған хабарламада.
Екінші меморандум бойынша «IŞIKLAR PACKAGING Ltd.» компаниясы «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауыт салады. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Керемет бастама!😍