Рамазан, Кредит, Түркия.16 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 октября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қасиетті Рамазан айы келер жылы 1-29 наурыз аралығына болады

Қадір түні наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түнге дөп түсіп тұр.

Рамазан айынан кейінгі Ораза айт 30 наурыз күні тойланады. Үш күнге созылатын Құрбан айт 6-8 маусымға дөп келіп тұр. Еліміздегі Еңбек кодексіне сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша аталатын Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып бекітілген.

Сондықтан қазақстандықтар жұмаға түсіп тұрған 6 маусым күні демалады. Дегенмен айттың қалған екі күні, яғни, 7-8 маусым да сенбі мен жексенбіге сәйкес келіп тұр.

Толық ақпарат инфографикада жарияланған.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2025 жылдың діни мерекелерінің күнтізбесін жариялады👍

2️⃣ Отбасы банкіне білім беру кредиттерін рәсімдеуге рұқсат берілді

Бұл туралы қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді

Әбілқасымова мәжілісте тұтынушылардың құқықтарын қорғауды одан әрі күшейту және қаржылық қолжетімділікті арттыру шараларын ұсынды.

«Депутаттардың «Отбасы банкіне» жинақтау жүйесі шеңберінде білім кредиттерін ұсыну құқығын беру туралы ұсынысы ескерілді», – деді Әбілқасымова.

Айта кетері, бұған дейін Отбасы банк білім жинағын ашуға лицензия алған.

Тамаша бастама! 🔥

3️⃣ Түркияда 6 магнитудалы жер сілкінісі болды

Еуропалық-Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығының мәліметінше, 6 магнитудалы жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 10:46-да Малатья қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған.

Зілзала ошағы ондаған шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Жер сілкінісінен соң сейсмологтар тағы 20-дан астам афтершок тіркеген.

Ел аман, әлем тыныш болсыншы🤲🏻