Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді.🥊
Бұл спортшының соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін😮
Бұл туралы Sports.kz порталы хабарлады.
GGG келесі жекпе-жегін IBF титулынан үміткер Эскива Фалькаоға (30-0, 20 КО) қарсы өткізеді. Бокс кеші наурыз айында Қазақстанда өтеді деген жоспар бар. Жекпе-жек DAZN стримингтік платформасы арқылы АҚШ-та және Бразилияда көрсетіледі.
«Геннадий Головкин Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізуге келісті. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионының командасы @DAZNBoxing-пен трансляция жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр», — деп жазды бразиялиялық журналист Уилсон Балдини.
Айта кетері, жақында WBA мен IBF бірлескен шешім шығарды. Оған сәйкес, осы екі тұжырым бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) өз титулын бразилиялық Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы жекпе-жекте қорғауға міндетті.
Осы жолы келіссөздерге Головкиннің жеке промоушені — GGG Promotions, ал Фалькаоның атынан Боб Арумның Top Rank компаниясы қатысып жатыр.
2️⃣ Әскери қызметші Рауан Абылханов ультрамарафондағы нәтижесі үшін Қазақстанның Рекордтар кітабына енді.
Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы қамтамасыз ету ротасы жауынгерлік көлігінің командирі, 3-сыныпты сержант Рауан Абылхановтың есімі Қазақстанның Рекордтар кітабына енгізілді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметші ультрамарафонды сәтті аяқтады. Ол «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Алматы облысының Шелек ауданы бағытында 350 шақырымды 47 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.
Марафоншыны мәре сызығында институт басшылығы, әріптестері, туыстары мен достары қарсы алды.
«Табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 47 сағат 23 минутта межелі қашықтықты жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Рауан өз мақсатына жетуде бар-күш жігерін аямаған нағыз жауынгер», – деді әскери институт бастығының бірінші орынбасары подполковник Жәнібек Сарғазин.
Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына он жылдан асыпты. Рекордсмен Алматыда және еліміздің Қарулы күштерінде өткен бірнеше марафондардың жеңімпазы.
«Бұл менің ғана емес, барлық әріптесімнің, туыстарымның, достарымның жеңісі. Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді салдым», – дейді 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов.
Марафоншының құрметіне өткен салтанатты жиында Қазақстан Рекордтар кітабының өкілдері оған тиісті сертификат табыс етті. Ал достары Kia Rio автокөлігін сыйға тартты.
Ол 350 шақырымды 47 сағат 23 минутта жүгіріп өтіпті🔥🔥🔥
3️⃣ «Республика күні. Жаңғыру» деректі фильмі жарыққа шықты.
Бұл жаңалықты Қазақстан президентінің телерадиокешені хабарлады.
Осыдан 32 жыл бұрын 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларация қабылданды. Атаулы күн ұлттық мереке болып қайта жаңғырды.
Егемендік туралы декларацияны қабылдауға кімдер қатысқан еді? Көзі тірі куәгерлердің естелігі қандай? Архив құжаттар не деп сөйлейді? Бұл туралы Қазақстан президентінің телерадиокешені әзірлеген деректі фильмнен көріңіздер.
Тамашалай алдың ба?🤔🤔🤔