Құрбан айт, Президент оқитын кітаптар, Мамандықтар. 7-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣Алматыда Құрбан айтқа құрбандық шалу үшін 13 орын белгіленді.Алматы «сары» аймақта болуына байланысты Құрбан айт мерекесінде адам көп болатын жиындар өткізілмейді.

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді.

Құрбандық шалу орындарында, сондай-ақ қала мешіттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әкімдік, полиция, ветеринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары қызметкерлері кезекшілік атқарады.
Басты мұсылман мерекелерінің бірі биыл 9-11 шілде аралығында өтеді.

2️⃣ Қазақстандық түлектер арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды. Оның ішінде ең танымалы – ІТ бағыты. Содан соң тіс дәрігері, ал үшінші орында педагогикалық мамандықтар тұр.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев хабарлады.

Оның айтуынша, бейінді пәндердің қорытындысы бойынша талапкерлердің 27%-і техникалық мамандықтарға түсу үшін физика-математика комбинациясын тапсырған. Техникалық мамандықтар арасында ең беделдісі – ІТ. Екінші орында 18%-і – химия-биология.

Сен қандай мамандықты таңдап жатсың? 🙂

3️⃣ Қасым-Жомарт Тоқаев оқып жатқан кітаптары белгілі болды. Атап айтатын болсақ:
«Құтты білік», Жүсіп Баласағұни;
«Құнанбай», Ерлан Сыдықов;
«Future Industries», Алек Росс;
«Неизбежно: 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее», Кевин Келли.

Ал сен қандай кітап оқып жатсың? Тізімде осы кітаптар бар ма? 🤔