Рекорд, Мамандық,Уақыт. 27 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 Ақпан, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ XI Азия чемпионатында қазақ спортшылары екі рекорд орнатты.

Атап айтқанда, әйелдер арасында А тобында Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуден 31.40 (Азия рекорды) көрсеткішімен озды.

Дәл осындай қашықтықта аталған әдіспен жүзу бойынша ерлер арасында В тобында Арсен Қожахметов 28.26 (Азия рекорды) көрсеткішімен үздік атанды.

Құтты болсын!🔥


2️⃣ Уақыт белдеуінің өзгеруі: Қазақстандықтарға орын алуы мүмкін ескертулер айтылды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қазақстандықтарға eGov жұмысында ақаулар болуы мүмкін екені туралы ескертті.

«Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

* eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
* egov mobile мобильді қосымшасы;
* «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
* «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;
* «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;
* және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.

Уақыттың өзгеруіне дайынсыздар ма? 🤔

3️⃣ Кейбір мамандықтар бойынша қашықтан оқытуға тыйым салынады.

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында кейбір мамандықтар бойынша қашықтан оқытуға тыйым салынады. Ғылым және жоғары білім министрлігі арнайы бұйрық әзірледі.

2015 жылы министрдің «Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шыққан. Соған өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.
«Ашық НҚА» сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника мен технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, әскери іс, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау кезінде пәндердің жалпы санын қашықтан оқытуға 20 пайыздан аспайтын көлемде ауыстыруға болады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы заңының 37-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ЖЖОКБҰ-да педагогикалық ғылымдар және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау үшін қашықтан оқытуға жол берілмейді», – делінген бұйрық жобасында.

Мәселен, қай мамандықты қосар едіңіз?