Республика күні, Медаль, Өрт.22-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Биыл 25-қазан Республика күні тойланады.

Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, биыл ұлттық мейрамды тойлау үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлудің қажеті жоқ.

«2022 жылға бөлінген бюджет қаражаты есебінен мерекелік шаралар өткізіледі. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнІ бар, я болмаса, жыл ішіндегі шараларды Республика күні ұйымдастыру жоспарланып отыр. Негізгі мереке елордадағы «Астана Опера» театрында басталады», – деді Дәуешев сенаттың жалпы отырысында.

Республика бойынша халықаралық шаралар да өткізіледі. Жақын арада 25 қазанда өтетін мерекелік шаралардың жосары әзірленеді.

Айта кетері, бүгін сенторлар Республика күнін қайтаруға арналған заңды қабылдады. Президент осы құжатқа қол қойғаннан кейін қазақстандықтар қайтадан 25 қазанды атап өтеді. Ол күні ресми демалыс болады.

2009 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні ресми мерекелер тізімінен шығарылған болатын. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың отырысында бұрынғы мерекені қайтару қажеттігін мәлімдеді. Себебі дәл сол күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.

Керемет!👍😍

2️⃣ Мемлекет басшысының жарлығымен Қостанайдағы өрт кезінде жанқиярлық танытып, ерлік көрсеткен 20 адам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Ерлігі үшін» медалі
1.
Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
2.
Әбуқалық Азат Рысқалиұлы – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
3.
Әкім Алдияр Ермекұлы – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
4.
Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы – Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
5.
Базаров Ержан Оралханұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі;
6.
Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы – Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
7.
Бауэр Алексей Александрович – волонтер;
8.
Боромбаев Айдос Сағынайұлы – Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі;
9.
Ержанов Айбек Ахметбекұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі;
10.
Жапаров Самат Таласпайұлы – Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
11.
Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы – Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
12.
Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы – Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты;
13.
Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы – Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
14.
Мусин Абай Боранбайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы;
15.
Рахин Ербол Қайырбайұлы – волонтер;
16.
Төлеухан Әнуар Жанатұлы – Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
17.
Флейтлинг Александр Аликович – Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі;
18.
Хасенов Мұрат Қалиханұлы – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы;
19.
Шайсұлтанов Медет Еркінұлы – Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
20.
Щурихин Максим Сергеевич – Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі наградталды.
Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 48 азаматқа алғыс жариялады.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы ерлік танытқан өрт сөндірушілерді наградаға ұсынуды тапсырды. Өрт сөндірушілерге екі айлық көлемінде сыйақы беріледі.

Жігері мықты, батыл азаматтар көбейе берсін!🙌🏻🙌🏻🙌🏻

3️⃣ Қала күні аясында «Кітап Fest» фестивалі өтті.

Қызылорда қаласы күні мерекесінің кезекті тағылымды шарасы «Өнер арбаты» бойында өткізілді.
Қала әкімі Асылбек Шаменов кітап көрмесі мен сатылым акциясына, сондай-ақ «Буккроссинг» кітап сөресінің ашылу салтанатына арнайы қатысты.

Қатысушылар Өнер арбатын бойлай орналасқан «Өткені сырлы, келешегі нұрлы – Қызылорда» атты кітап көрмесі мен кітап жәрмеңкесін аралап, тамашалады.

Фестиваль аясында Алматы қаласынан «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры және Түркістан қаласынан «Мазмұндама» қоғамдық қоры, сондай-ақ облыс орталығындағы «Кітап ал» кітап дүкені өз кітаптарын сатылымға шығарып, кітап мерекесінің көрігін қыздырды.

Сен қатыстың ба?🤔