Робототехника, Тамақ, Зейнеткер. 25 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Қаңтар, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстандық 70 оқушы Үндістанда робототехника чемпионатына қатысады.

Талантты жастарымыз The Goa International Robotics Festival ашық чемпионатында бақ сынасады.

Sana Team, Zhylyoi technic, Qazaq style, Xcellence, Billion team, Stay hydrated және Nova Fusion командалары үш санат бойынша сайысқа түседі: FIRST LEGO League Explore, FIRST Lego League Challenge және FIRST Tech Challenge. Олардың құрамында Астана және Алматы қалаларынан, Атырау облысының Құлсары, Павлодар облысының Екібастұз қалаларынан келген оқушылар да бар.

“Бұл чемпионатқа бұрын халықаралық жарыстарда тәжірибесі жоқ оқушылар да қатысуға мүмкіндік алды. Біздің балаларымыз ел намысын жоғары деңгейде қорғауға ниетті”, – дейді Алматы қаласы білім басқармасы жанындағы «Алматы дарыны» орталығының бөлім басшысы Жанна Алмусаева.

Дарынды жастарымыздың қатары көбейіп жатыр! 👏🏻

2️⃣ Қазақстанда тамақ салығын енгізу ұсынылды.

Сенатор Бибігүл Жексенбай зиянды тағамдарға салық салып, балабақша мен мектептерде қымыз-шұбат беруді ұсынды.

Оның айтуынша, соңғы кезде Қазақстанда әртүрлі елден келетін белгісіз зиянды тағамдар көбейіп кеткен.

«Зиян тағамдардың көбі көшелер мен жертөлелерде жасалады. Қытайдың өзінде бұл өнімнің зиянды екені дәлелденіп, сайттарында «қоқыс тағамдары» деп көрсетілген. Қытай билігі мұндай залалды тағам өндірушілермен күресіп жатса да, қоқыс тағамдары алыс-жақын шетелдің қорғалмаған нарықтарын жаулап жатыр», – деді Жексенбай.

Осы тұста ол қазіргі таңда қанты көп, тұзды, майлы және химиялық қоспалары бар тауарлар жарнамасына көз сүрінетінін жеткізді. Сондықтан балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанын ерекше атап өтті.

«Елімізде балаларға жарнамалатын тағамдардың 72 пайызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан тыйым салынған. Осы ұйымның тамақ өнімдеріндегі қант пен тұздың мөлшері 5 пайыздан аспауы жөніндегі қаулысы қатаң орындалуы тиіс. Бүгінде әлемде зиянды тағамдарға салық салу практикасы айтарлықтай кең тараған.», – дейді ол.

Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, қоқыс тауарларға тыйым салуды, ал қанты көп энергетиялық сусындар сияқты өнімдерге салық салуды ұсынды. Ондай жарнамалардың нақты уақыты да белгіленуі қажет.

Бұған не дейсіз? 🤔

3️⃣ Елімізде ең бай зейнеткерлердің қанша алатыны белгілі болды.

БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылы БЖЗҚ салымшыларына 591,3 миллиард теңге төлеген. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) – 284 миллиард теңге болса, жасына байланысты төлемдер – 150,6 миллиард теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 54 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,6 миллиард теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 39,8 миллиард теңге, жерлеуге берілетін төлемдер – 7,5 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 2,8 миллиард теңге.

«Атап кету керек, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы – 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 742 692 теңге. Еске салайық, былтырғы сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы – 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды», – делінген хабарламада.

БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады😍

Конкурс жеңімпаздары:

1.Динара Боранбай (114 ұпай)

2.Жибека(97 ұпай)

3.Калышева Жазира(76 ұпай)