Роман Скляр,Альпинизм, Жалақы. 20 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 декабря, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстан 2022 жылғы әлем чемпионатында альпинизмнен бірінші орын алды.

Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы әлем чемпионатында Верный шыңына алғашқы болып шыққан Қазақстан құрама командасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді.
Бүкіл маршруттың ұзындығы 1670 м, биіктік 910 м. Команда бағыт бойынша 6 түн арнайы платформада түнеді.

Құтты болсын!😍👍

2️⃣ Жаңа жылға дейін қосымша табыс табудың ең үлкен мүмкіндігі мұғалімдер мен оқытушыларда болып тұр. Оларға түскен ұсыныс саны – 365.

Қазіргі таңда, hh.kz сайтының мәліметінше Қазақстанда негізгі жұмыспен ұштастыруға болатын 3,5 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылған.

Бұл кешке немесе демалыс күндері жасалатын уақытша немесе бір реттік жұмыс болуы мүмкін.

Бос жұмыс орындарының басым бөлігі (49%) Алматыға, 25% Астанаға тиесілі. Айта кету керек, жұмыс орындарының 6% мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді.

Негізінен қосымша жұмысты жеке білім мекемелері, бөлшек сауда және IT компаниялар ұсынады.

Ең бастысы, бұл жұмыс берушілер біліктілікке жоғары талап қоймайды.
Жаңа жылға дейін қосымша табыс табудың ең үлкен мүмкіндігі мұғалімдер мен оқытушыларда – 365 ұсыныс.

Екінші орында call-орталық операторлары (281 ұсыныс), одан кейін сату жөніндегі менеджерлер (275 ұсыныс) және сату жөніндегі кеңесшілер (180 ұсыныс).

Сату менеджері, жеке жүргізуші, бағдарламашы, әзірлеушілер мен жылжымайтын мүлік агентіне қосымша жұмыс үшін 800 мың теңгеден артық жалақы төлеуге дайын.

Жаңа жыл алдындағы ең жоғары қосымша табыс 2 жылдан аса тәжірибесі бар iOS мобильді қосымшасын әзірлеушіге ұсынылады — 1 125 000 теңге.

Сен қай салада қызмет етесің? 🤔

3️⃣ Роман Скляр Қазақстанда жеңілдетілген автонесие жобасын қаржыландыру бұған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеп тұрғанына байланысты жалғасатынын айтты.

«Бәйтерек» холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 миллирд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады. Толық түсініктеме алу үшін Даму қорына хабарласыңыз», — деді вице-премьер.

Ал сен алып үлгеріп пе едің?📌