Роналду, Жалақы, Ковид. 9 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 Ақпан, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда COVID-19-дың өршуіне байланысты Қазақстанның медициналық мекемелерінде маска режимі қайта енгізілді.

Қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарда да бетперде кию ұсынылды. Тиісті қаулыға елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды.

Қаулы халық арасында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында қабылданған.
Барлық өңірге медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық бетперде тағуын және антисептиктердің болуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ халық арасында коронавирус, тұмау мен ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұған қоса денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарда (әуежай, теміржол вокзалы, автовокзал, базар, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, театр, кинотеатр, ХҚКО, банктер және т.б.), сонымен қатар көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға кеңес берді.

Сақ болыңыздар!📌

2️⃣ Табысы ең жоғары спортшылар тізімінде Криштиану Роналду( 275 млн доллар) көш бастады.

Ал екінші орынға гольфші Джон Рам ие болды. Оның табысы – 230млн доллар. Үшінші орынба 130 млн доллармен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси түйіндеген.

Ең табысы жоғары спортшылар бестігі:

Криштиану Роналду – 275 млн доллар (футболдан 215 және демеушілер есебінен 60 млн доллар)
Джон Рам (гольф) – 203 (181+22)
Лионель Месси – 130 (65+65)
Леброн Джеймс – 125,7 (45,7+80)
Килиан Мбаппе – 125 (100+25).

Керемет!😍👍

3️⃣ Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын өңір белгілі болды.

Ең жоғары жалақы мөлшері Атырау облысының тұрғындарына тиесілі екен

Олардың орташа табысы 600 мың теңгеге жуықтаған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы IV тоқсанда 393 605 теңге болған.

«2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 16,2 пайызға, нақты мәнде – 5,3 пайызға өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 259 463 теңге болды. 4-тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты», – делінген хабарламада.
2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7 пайыз, ақпарат және байланыс – 23,2 пайыз, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,8 пайыз, салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 18,6 пайыз, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 18,2 пайыз.

Керемет!🔥