Өрт, Мәриям Нұржан, Елена Рыбакина. 8 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 Мамыр, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Елена Рыбакина WTA рейтингінде рекордтық орынға көтерілді.

Үздік үштікте ешқандай өзгеріс жоқ: польшалық Ига Швёнтек көш бастап тұр, беларусь Арина Соболенко екінші орында, америкалық теннисші Джессика Пегула үшінші орында тұр.
Қазақстан өкілдерінің ең мықтысы Елена Рыбакина жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Бұл Еленаның мансабындағы рекордтық орын. Тунистік Онс Жабер жетінші орынға төмендеді, ал бесінші орын америкалық Коко Гауфқа тиесілі.
Юлия Путинцева әлі де 51-орында тұр. Жұптық рейтингте чехиялық екі спортшы Катерина Синякова, Барбора Крейчикова және Пегула үздік үштікке енді.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина бір позицияны артқа тастап, 26-шы орынға жайғасты. Рыбакина 13 сатыға көтеріліп, 82-ші орында тұр.

Құтты болсын!🔥👏🏻

2️⃣ Медеудегі өртті сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза болды.

Бүгін түнде қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.

«ТЖМ өртсөндіруші Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды», – делінген хабарламада.

Иманды болсын🤲🏻

3️⃣ 11 жасар қазақстандық теннисші Мәриям Нұржан Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, алдымен жеңімпаздар Каталонияның төрт провинциясында анықталды. Содан кейін олар өзара бақ сынасты.

Мәриям Нұржан Каталонияның бірінші ракеткасын 7:6 (7:3), 3:6, 10:3 есебімен ұтып, беделді жарыста үздік атанды.
Қазақстандық спортшыға жүлдені Испанияның атақты теннисшісі, кезінде «Үлкен дулыға» турнирін 14 рет ұтқан Аранта Санчес Викарио табыс етті.
Бішкекте 14 жасқа дейінгілер арасында ATF додасында тағы бір қазақстандық Аңсар Ниетқалиев жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті. Аңсар жұптық сында қазақстандық Александр Софрыгинмен бірге ойнады.

Жарайсың, Мәриям!😍👍