Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Семейде 5 жасар бала екі інісін өрттен құтқарды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 қаңтарда сағат 16:58-де «112» пультіне 5 жасар бала хабарласып, жер үйде өрттің иісін сезгенін айтқан.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар бригадасы жеткен. Полиция мен жедел жәрдемге де хабар берілген. Ал диспетчер бейнебайланыс арқылы баламен сөйлесіп, жағдайды бақылап отырған. Терезе ашуға кеңес берген.
Міне, батыр азамат ер жетіп келеді!🔥👍
2️⃣ Медицина саласындағы студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 20%-ке өседі.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін жыл сайын шәкіртақы 20%-ке дейін ұлғайтылады. Өткен жылы бакалавриат студенттері үшін ол екі есеге жуық, интерндер үшін 25%-ке, резиденттер, магистранттар, докторанттар үшін 15%-ке өсті.
«2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ке ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің оқу орындарымызға мықты талапкерлерді қосымша тартады», — дейді ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Дәулет Алдыңғұров.
Ол 2022 жылы республикалық бюджеттен 4 700 білім гранты бөлінсе, оның ішінде 1 500 грант резидентураға тиесілі екенін айтты. 2023 жылы республикалық бюджет есебінен резидентурадағы гранттар санын 2 500-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Алдыңғұровтың айтуынша, 2021 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігі өңірлерден түскен өтініштер бойынша резидентураға гранттарды бөлуді енгізген.
Университеттерді өздерінің клиникалық базасымен қамтамасыз ету үшін университет жанынан салынатын алты аурухананың құрылысы да басталды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл дәрігерлерді тәжірибеге бағыттап оқытуды қамтамасыз етеді, ғылымды, озық технологияларды және оқу процесін интеграциялау арқылы университеттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді деп санайды.
Ғылым және адам ресурстары департаментіндегілер 2022 жылы бюджеттік бағдарлама аясында 4 200 дәрігер және 2 650 медбике үшін оқу ұйымдастырылғанын айтты.
Осы саладағы білім алып жатқан студенттер үшін керемет жаңалық екен!😍😍😍
3️⃣ Қазақ тілінде дубляжы жасалған «Аватар: Су жолы» фильмін 42 мыңнан астам көрермен тамашалаған.
“Меломан” ресми статистиканы жариялады.
«Голливуд фильмдерін дубляждаудың 12 жылдық тарихында алғаш рет қазақ тіліне дубляждалған «Аватар: Су жолы» фильмі кассада абсолютті рекорд орнатты. Аталмыш фильм 2022 жылы қазақ тіліне аударылған Диснейдің үшінші туындысы.”
Дубляжды шығармалары сауатты әдеби стильмен ерекшеленетін — Aray Media Group студиясы жасады.
Кино – тілді насихаттаудың тамаша тәсілі. «Аватар: су жолы» фильмінің жалпы жинағы – 69 миллион теңгеден астам рекордтық көрсеткішке жетті. Ал қазақ тіліндегі сеанстардың барлығын 42 мыңнан астам көрермен тамашалады».
Ал сен Аватарды қай тілде тамашаладың?🤔