Әртіс,Отбасы,Абай. 16 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 мая, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанда әдепсіз қылық көрсетіп, балағат сөздер айтатын әртістер жазаланады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі әртістердің концерт кезіндегі әдепсіз әрекеті үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды. Министрліктің бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Мәдени іс-шара барысында көрермендермен қарым-қатынас жасау кезінде өнер қайраткерлерінің жөнсіз мінез-құлық танытуына, көрермендерге балағат сөз сөйлеп, әдепсіз қылық көрсетуіне, алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуына, сондай-ақ психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын қабылдауына жауапкершілік енгізілмек.
Мәдениет министрлігі мас күйінде сахнаға шыққан әртістерге айыппұл көлемін де белгіледі.

Мұндай қылықтары үшін:

Жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге)

Заңды тұлғаларға 300 АЕК (1 млн 107 600 теңге) Осындай әрекеттер қайталанған жағдайда:

Жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге)

Заңды тұлғаларға 600 АЕК (2 млн 215 200 теңге)

Жаңа заңға қалай қарайсыз?🤔

2️⃣ Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды.

Конкурсқа қатысу үшін электронды нұсқада төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
1.
ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2.
асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3.
неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4.
ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5.
балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6.
заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7.
отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8.
қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9.
дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (pdf форматында) 15 маусымға дейін mereyli.otbasy2024@mail.ru элекронды поштасына жолдау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Сіздер де бақ сынап көріңіздер!👍

3️⃣ Қазанда Абай орталығы ашылды.

Қазан федералдық университетінің филология және мәдениетаралық коммуникация институты базасында Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығы ашылды.

Абай орталығы қазақ тілін оқыту және дәріптеу, мәдени байланыстарды нығайту, оның тарихы, бастаулары, заманауи жетістіктерімен және даму перспективаларымен танысу мақсатында құрылды.

Орталық қазақ-ресей ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан мен Татарстан студенттерінің өмірі мен жетістіктерін көрсететін ғылыми жарияланымдармен, оқу-әдістемелік материалдармен алмасуды, сондай-ақ мәдениет және ғылым саласында конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды көздейді.

Абай орталығының ашылуы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен жүзеге асырылды, онда классикалық және қазіргі қазақстандық авторлардың әртүрлі көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттері жинақталған.
Бұдан басқа, Еуразия ұлттық университеті мен Татарстан Республикасының Ғылым академиясы арасында тәжірибе алмасуды, біліктілікті арттыруды, Орталық Азиядағы ғылым, мәдениет және тарих мәселелерін терең әрі жан-жақты зерделеуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен іске асыруда өзара іс-қимылды белгілейтін және дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құтты болсын! 😍