Садриддин Ахмедов, Елена Рыбакина, Әлихан Әбілдин. 25 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Желтоқсан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Елена Рыбакина Дубайда өткен турнирде әлемнің бірінші ракеткасы польшалық – Ига Швёнтекті жеңді.

Ол қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен басып озды.

Еске салсақ, Ига Швёнтек – біздің спортшылардың алдағы уақытта өтетін сайыстағы қарсыластарының көшбасшысы. Қазақстан мен Польша командалары арасындағы матч Астанада 2023 жылдың 14-15 сәуірінде өтеді.

Рыбакина Дубайда өткен турнирде бүкіл матчта жеңіске жетті: алдымен әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенконы 0:6, 6:1 есебімен жеңді, одан кейін Зверевпен бірге жұптық ойында Оже-Альяссим мен Саня Мирзадан 7:5, 3:6, 10:5 есебімен басым түсті және әлемнің төртінші ракеткасы Каролин Гарсияны 7:5, 6:1 есебімен артта қалдырды.

Құтты болсын!👏🏻💐

2️⃣ 16 жастағы қарағандылық Әлихан Әбілдин халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды.

Жасөспірім «Еуразия» халықаралық кинофестивалінде үздік ер адам рөлі үшін жүлде алды.

Биыл кинофестивальде алғаш рет ұлттық байқау өтті. Мұнда соңғы екі жылда түсірілген ең жақсы 15 фильм ұсынылды.
Ұлттық байқау жүлделерінің бірі Әлихан Әбілдинге бұйырды.

Жігіт Яна Скопинаның «Жаз жақында аяқталады» фильміндегі басты кейіпкерді сомдап, «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды.
Картина қазақстандық кинопрокатқа шықты.

Әлемдік аренаны бағындыра берейік!😍👍

3️⃣ Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов оңтүстік африкалық Нкулулеко Мхлонгомен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Алматыда өткен бокс кеші аясындағы негізгі жекпе-жекте Ахмедов 40 жастағы оңтүстік африкалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-10-1, 18 КО) кездесті.

Жекпе-жек біржақты болды. Бірінші раундтың өзінде қазақстандық қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді.

Мхлонго екінші айналымға өте алмады.
Осылайша, Ахмедов проф рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол 11 рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Айта кетейік, қазақстандық рингке екі жылға жуық уақыттан кейін оралды. Ахмедов бұған дейін былтыр қаңтарда бокспен айналысқан.

Жеңісті күндер көп болсын!✊🏻