Сайрам, Альбина Кәкенова, Димаш Құдайберген.20-шы қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 Қазан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Түркістан облысының Сайрам ауданында жеке кәсіпкер Низамхан Сулайманов жеті айдың ішінде жеті мектеп салған.

Түркістан облысының Сайрам ауданында жеке кәсіпкер жеті айдың ішінде жеті мектеп салған. Барлық білім беру ғимараты қажетті құралдармен жабдықталған, Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

«Міне, бұл бастауыш қазақ тілі кабинеті, тақта, интерактивті тақта, проектор бар, толық жағдай жасалған. Әрбір бала бөлек-бөлек отырады», – дейді кәсіпкер Низамхан Сулайманов.
Мектепте асхана, кітапхана, спорт зал, тіпті бассейн де бар. Үйірмелер тегін. Тура сондай жеті мектеп қатар салынған. Бүгінде барлығы есігін айқара ашып, оқушыларды қабылдады.

«Менің жұбайым – мұғалім. 45 жылдық еңбек өтілі бар. Қазір зейнеткерлікте, сол кісінің идеясымен балабақша мен мектеп салып жатырмын. Барлық күшімді, ақшамды, білімімді балаларға арнадым. Жақсы оқыған оқушылар стипендия алады, ай сайын 10-25 мың теңге. Ол үшін мен әрбір мектепке бір миллионнан бөлім отырамын», – дейді Сулайманов.

Осы уақытқа дейін кәсіпкердің ақшасына 10 балабақша мен 10 мектеп салынды. 73 жастағы Низамхан Сулайманов тағы мектеп саламын деп отыр.

Ісі көпке үлгі!✊🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ 14 жастағы қазақстандық қыз Альбина Кәкенова Азияның бірінші ракеткасы атанды.

Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты.

Альбина Кәкенованың еншісінде 2722 ұпай бар.

Азияның ең мықты ондығында Ева Корышева – үшінші орын, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода оныншы орындарға жайғасты.

Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің алғашқы ондығына Қазақстанның бес өкілі енді.

Құтты болсын!💐💐💐

3️⃣ Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында «Бір аспанның хикаясы» бейнебаянының түсірілімінен кезекті видеосын бөлісті.

Әншінің бұл туындысы жер шарындағы адамдардың бірлігіне арналған.

Димаштың айтуынша, бұл – «әлемдегі ең қымбат» бейнебаян.
Қыркүйек айының соңында әнші түсірілім барысы туралы видеоны бөліскен еді.

Керемет! Тамашаладың ба?😍